Шәуілдірде әлеуметтік дүкен ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысында өңір басшысы Жансейіт Түймебаев аудан әкімдеріне тапсырма берген болатын. Сол тапсырма бойынша жер-жерде әлеуметтік дүкендер мен базарлар ашылуы керек еді. Осыған орай жуырда Отырар ауданының орталығы Шәуілдірде аудан әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік азық-түлік дүкені іске қосылды. Оны жеке кәсіпкер Ербол Пазылбеков халық игілігі үшін ашты.
Жаңа сауда орнында күнделікті тұтынатын тауарлар бағасы нарықтағы бағамен салыстырғанда 15-20 пайызға төмен. Ерболдың дүкеніне жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың да тауарлары арнайы әкелініп, арзан бағамен ұсынылады.
Жақында аталған сауда орталығының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасарлары Рыскелді Әліш, Пердехан Жаппарқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаев және тиісті сала басшылары арнайы қатысты. Ашылу салтанатында кезек-кезегімен сөз сөйлеген басшылар Елбасымыз Н.Әбішұлы тұтынушылар үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын және Президент бастамасын облыс әкімі Ж.Түймебаевтың дер кезінде жүзеге асырып отырғанын тілге тиек етті.
Қалтаңа қарай қажеттілігіңді табатын дүкеннің ашылуына жергілікті тұрғындар да қуанып қалды. Әсіресе, әлеуметтік сауда орнының тауар бағасы күн санап өскен нарық заманында аса қажет екен.
Мұндай халық игілігі үшін маңыздылығы айрықша әлеуметтік дүкендер алдағы уақытта өзге де ауыл округтерінде ашылу көзделіп отыр.
Сабыржан БАЙБОСЫН.