ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде ағымдағы жылдың 25 шілде мен 10 қыркүйек аралығында шекара қызметіне лайықты азаматтарды алу үшін шақырылу жасындағы азаматтарға зерделеу жұмыстары басталған болатын.
Бұл Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына және ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда шекара қызметіне іріктеу басталды.
Жаңатас қаласы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің өкілдері келіп, шақырылушыларды медициналық коммиссиядан тексерістен өткізіп, шекара қызметінің қатарына іріктей бастады.
Сарысу ауданы әкімдігі