Шерлі Қабырғаға барып, дұға ететін қария…
CNN журналистіне бір адам «Иерусалимде бір қария бар, ол пәлен жылдан бері күніне 2 мәрте Шерлі Қабырғаға барып, дұға етеді, керемет тақуа кісі!» деген әңгіме айтыпты.
Бәрімізге белгілі, Шерлі Қабырға («Стена Плача») — еврейлердің Жаратушыға жалбарынып, күнәсінің кешірілуін сұрап, басын соққылап, дұға ететін қасиетті орыны. Ол жерге өмірінде бір рет барып зиярат еткеннің өзі олар үшін үлкен ғибадат. Ал енді, мына кісі бүкіл ғұмырын, әр күнін, тәулігіне екі рет барып дұға тілеу деген.., бұл дегеніңіз — тақуалықтың шыңы, ғибадаттың төресі ғой!..
Журналист қыз ондай ғажайып адаммен жолығып, сұхбат алмақ боп шешеді. Шерлі Қабырғаның жанында әлгі тақуаны көреді. Бірден таниды. Қалт-құлт еткен қария ілбіп келе жатыр екен. Ол кісінің сырт келбетінен-ақ Құдай жолында көп ғибадат жасап, күллі адамзат үшін дұға тілейтіні көрініп-ақ тұрғандай еді.
Ақсақал бір сағатқа жуық басын қабырғаға соққылап, жылап тұрып дұға тілейді. Ұзақ уақыт Шерлі Қабырғаға күбірлеп, Жаратушысына тілегін жолдайды. Журналист қыз үлкен сабырлылықпен, зор түсіністікпен қарияны күтіп тұрады.
Бір кезде қария ғибадатын аяқтап, үйіне қарай бет бұрғанда, алдынан шығып, сұрақтарын қоя бастайды.
— Кешіріңіз, мырза! Менің есімім Ребекка Смит, CNN-нің журналистімін. Сіз кім боласыз?
— Моисей Файнберг, — деп жауап береді қария.
— Айтыңызшы, сіз қанша уақыттан бері Шерлі Қабырғаға кеп ғибадат етесіз?
— Аз-кемі жоқ, 70 жылдан асты, дұға еткеніме…
— 70 жыл?! Бұл дегеніңіз керемет қой! Айтыңызшы, сіз Құдайдан не сұрайсыз?
— Мен христиандар мен еврейлердің және мұсылмандардың арасында бейбіт өмір болса екен деп тілеймін. Әлемде соғыс болмаса екен деп сұраймын. Барлығымыздың перзенттеріміз, адамзаттың ұрпағы өзара тату боп, әрбір ісіне жауапкершілікпен қарайтын зиялы азамат боп өссе екен деймін. Мен саясаткерлердің тек қана шындықты айтып, әділдікті ту етсе, өз қара басының қамынан халықтың мүддесін биік қойса екен деп жалбарынамын…
— Тамаша! Осы 70 жыл бойы жасаған ғибадатыңыз, сұраған тілегіңізден кейін қандай күйдесіз, нені сездіңіз?
Әрине, әлемді билеп тұрған еврей ұлтының екі бірдей өкілі бұндай әңгімені зор мақтанышпен, өмірдің барлық рахатын сезіне отырып аяқтауы керек емес пе?!.
Алайда, қария соңғы сұраққа сондай шаршаулы түрде:
— Мен тек қабырғамен сөйлесіп жүргенімді ғана сездім…- деген екен…