Шеруге шығу – серуенге шығу емес халқым! Абай бол!

Мына екі жастың өз парақшаларына жазған пікірлері біздің «ЕлАна» ақпараттық агенттігінің ұстанымына дөп келіп тұр. Әттең-ай, ата сақалы аузына түскен кей қариялардың айтатын сөзі ғой, қызу қанды жастарға. «Сақал шашын күнге ағартқан қарттар бар, жасы жүзге келгенмен» деп ашынған ақынның кебі басымызға орнағандай. Қайда елге тұтқа болатын абыздар? Қайда бір ауыз сөзімен елге жол көрсеткен бүгінгінің Төле биі? Қайдасыңдар қиялдан көркем сурет салып, халыққа рухани күш беретін, қаламын қару еткен қауым? Неге шеруді аңсағандарға басу айтпайсыңдар, неге сабырға шақырмайсыңдар? Ертең бәрі кеш болып жүрмесін!

Бір нәрсе анық! Ол – көшеге шеруге шығу қазаққа абырой әпермейді! Бұл қанша мәрте айтылды. Тыныштық – ең басты байлық-ұлтымыз үшін. Біз аз халықпыз. Жеріміз ұлан-ғайыр. Сабырмен іс етпесек бәрі бекер! Ең қиын кезеңдер артта қалды. «Битке өкпелеп тонды отқа» жақпас болар ағайын! Біздің бүгінгі тірлігімізге қызыға да, қызғана қарап отырған жұрт көп. Олар қоламтаны үрлей түседі. Оттың өршігенін қалайды. «Сақтансаң ғана сақтаймын» деген Алла! Бүгінгі отқан оранған Сирия мен Ливия бізге сабақ болса игі!  Өздерінше  билікке талап қойып алаңға шыққан жұрт, артының осыншама ушығып кететінін ойламағаны анық! Бүгін сол күндеріне зар! Бірақ бәрі кеш! «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп жүріп, сақалынан айырылыпты» демекші, жер деп даурығып жүріп, жерімізді жауға өзіміз босатып бермейік. Ақылға келейік ағайын! Сабыр, сабыр, халқым! 21 күні шеруге шықпауға шақырамын баршаңды. Бұл Сәуле апайларыңның жан дауысы деп ұғыңдар!

*****************************************************************************************************************

Макс Боқаев Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысына демарш жасағанда, бық демедім.
Мақсат Ілиясұлы «Алаш жолын» алып, елдің ортақ мүддесі үшін бір үстел басына отырудан тайқығанда үндемедім.
Бүгін енді Зәуреш Батталова үкіметтік комиссиядан шығып тыныпты.Үндейін.photo_58473
«Мен халықпен біргемін!» депті сондағысы. Қандай халық? Бұл істің ымырамен бітіп, екі жақтың бітімге келіп, билікке де, халыққа да жағымды шешімге келуіне ынталы адамдар сонда халық емес пе? Әлде әйтеуір шеруге шығып, алаңға барған соң, қан шықса да, сүйек тайса да көреміз деп отырғандар халық деген атауға патент алып қойды ма?
Иә, бұл демарш Батталовамен бітпейді. Әлі бұлар конструктивті диалог процесіне келіскен тәуелсіз азаматтарды «терроризировать» етумен болады. Демек, Мұхтар Шаханов, Жүрсін Ерман, Айдос Сарым, Дос Көшім, Мұхтар Тайжан секілді тұлғаларды осы комиссиядан шығарып алмайынша, жағдайды ширықтыра береді. Сол арқылы Елбасы өзі құрып берген комиссияның беделін жұрт алдында түсіру, абыройын шашу, осылайша жер мәселесінің барынша сиырқұйымшақтанып кетуіне мүдделі бұлар….

13244631_968066209977473_3353866645539869948_n

Алдымен олар жер мәселесін билік естігеніне мұқтаж еді. Естіді. Мораторий жариялады. Комиссия құрды. Құрамына кірді. Енді келіп, одан шығып алып, мен қатыспаймын, бұл жұмысқа сенбеймін дегендер өздері бастапқы мақсаттан ауытқып жатыр. Айтпақшы, 21 мамырда алаңға шығамыз деп отырған «Алаш жолының» мақсатын қараңыздаршы! Алаңға «жер реформасын қолдау және қоғамдық келісімді нығайту» үшін шығамыз дейді.Сонда мынау комиссияның жұмысы жер реформасын қолдау мен келісімді нығайту емей, немене?

Демек, митингінің анық мотиві жоқ. А-а, бар мотиві — ол халықты алаңға шығарып көру, әйтеуір шықсын дейді. Жеткілікті дәрежеде адам жиналса, оны кез-келген саяси ұранмен қалаған бағытына өргізіп-тұрғызатынына бұлар сенімді. Бастысы, адамдарды алаңға шығару керек… ар жағын өзімізге қалдыр деп алақандарын ысқылап отыр.
Бұл әрекеттердің барлығы ортақ шешімге келмей билікті тізеге салу, халықты қинап қою дегеннен басқа анықтамаға келмей тұр.
Ниеттерің сұм болса, жетпеңдер оған! Әумин!

Өркен Кенжебектің Фб парақшасынан

13217234_968066176644143_1896469087712889488_o

11864956_819752618142167_2765406149809643423_oЕшек ешқашан кісінемейтіні сияқты, шеру ешқашан бейбіт өтпейді. Иә, көп адамның жерге қатысты ниеті тура. Біз алаңға барғанда ештеңе бүлдірмейміз. Тек жерге жанашыр көп екенін көрсету үшін барамыз. Шеруде 1-2 сағат болып, ары қарай Мегаға барып КФС жеп, бала-шағаны ойнатып қайтамыз деген ой бар шығар. Иә, иә көп адамда негізі арам ой жоқ. Бірақ, сол адал ниеттілерді пайдаланып, елде төңкеріс жасағысы келетіндер өте көп. Халықты алаңға шығарса болды. Ары қарай бәрі дайын. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Оны көзі ашық адамның бәрі біледі. Халық арасынан бетін жапқан біреу полицияға оқ атса қайтпексің? Сен жиналған алаңға біреу есірткі шашып, есіңнен айырса төтеп бере аласың ба?                                

         Полиция қызметкерлерімен қақтығыс болса, тапталып қалмауыңа кім кепіл?! Бәрі де мүмкін. Ешкім кепілдік бермейді. Саған қарап отырған ата-ана, бала-шағаның ертеңгі тағдыры не болмақ?!

Сәл ойланып көрші. Жер сатылмасын, жалға берілмесін делінді. Биліктегілер естіді. Комиссия құрылды. Мәселе қаралып жатыр. Енді не керек? Оны алаңға барып айтқаннан не пайда? Ойлан, қазақ! 21-не шеруге шықпа! Елді бүліктен сақтайық! Бейбіт шеру соңы немен аяқталатыны суретте тұр. Алла сақтасын! Сақтанайық!

 Берік Сұлтанның Фб парақшасынан