ШЕТЕЛ ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУҒА РҰҚСАТ БЕРУ
Рұқсат алу үшін жұмыс берушi не оның өкілі «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы шетелдiк жұмыс күшiнiң еңбек қызметiн жүзеге асыру орны бойынша Басқармаға тиісті құжаттарды қоса отырып, электронды түрде өтiнiш бередi.
Рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешім 7 жұмыс күнінде, ал, рұқсат мерзімін ұзарту 3 жұмыс күнінде, рұқсатты қайта рәсімдеу 5 жұмыс күнінде шығарылады.
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы