Шетелдік тәжірибенің жемісі
Павлодар облысының 20 мұғалімі пәндерді ағылшын тілінде STEM дәрежесінде оқытуды жетілдіру бойынша өз жобаларын таныстырды.
Ағылшын тілінің ұстаздары мен өзге пән мұғалімдері өз идеялары және әдістерін американдық профессорлармен өткізілген тренингте әзірледі. Олардың тәлімгері — АҚШ Индиана штаты университетінің оқытушылары. Бағдарлама жаттықтырушысы Фил Больтцтың айтуынша, жобалық оқыту — мәселені мойындаумен тең.
Мұғалімдерге еркіндік беріліп, шешу жолдары қарастырылды. Бір топ ұстаздары биология, химия және басқа пәндер бойынша оқу материалдарын байытқысы келсе, екінші топ оқытушылық дағдыларын дамытуды көздеді, — дейді ол.
Айта кетейік, бұл бағдарлама құрамдастырылған жобалық оқыту әдістемесін жақсартуға мүмкіндік берумен қатар, ағылшын тілінің деңгейін арттыруға сеп болады.
Алдағы уақытта тренинг қатысушыларының әзірлемелері өзге мұғалімдерге де қолжетімді болады. Яғни, әріптестеріне өз тәжірибелерін бөлісіп отырады
Басқа материалдар мен бағдарламалармен АҚШ елшілігінің сайтында танысуға болады.
Тілеуберді САХАБА.