ШҚО полицейлері 135 жаңа қызметтік автокөлікке ие болды
Автокөліктердің кілттерін орталық алаңда салтанатты түрде гарнизондық жиын барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Беделбайұлы Көшербаев табыс етті.
Отандық өндірістің Chevrolet Cobalt, Kia және Jac маркаларының 135 автокөлігі «өнеркәсіпті дамыту қоры»АҚ арқылы облыстық бюджет қаражатынан лизингтік қаржыландыру аясында сатып алынған.
Шығыс Қазақстан полицейлерінің автопаркі 2017 жылдан бері жаңартылмаған. Мен облыс әкіміне және барлық жеке құрамға өткен жылы атқарған жұмыстары үшін алғысымды білдіремін.
Автокөліктер патрульдік және учаскелік полиция инспекторларына, сондай-ақ кинологиялық және табиғатты қорғау қызметтеріне арналған. Машиналардың бір бөлігі аудандық бөлімшелерге, оның ішінде жаңадан құрылған бөлімшелерге жіберіледі, онда бір учаскелік полиция инспекторы ұзындығы 50-70 шақырымға дейінгі бірнеше елді мекендерге қызмет көрсетеді.
Жаңа жыл қарсаңында жаңа автокөлік облыс орталығының көшелерін патрульдейтін болады.