ШОҚТЫҒЫ БИІК ШОНА
Аталған іс шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев пен Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, өңірлік ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдері және белгілі қаламгерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев сөз сөйлеп, Шона Смаханұлының шығармашылығы мәңгі өлмейтінін, келер ұрпаққа қалдырған мол мұрасының қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алатынын атап өтті. Сонымен қатар, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
Одан кейін Мәлік Отарбаев конференция қатысушыларына 100 жылдық мерейтойға арналған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің құттықтау хатын оқыды.
Сондай-ақ, ғылыми-практикалық конференцияда белгілі сатирик-қаламгерлер мән-маңызы бар баяндама жасап, Шона Смаханұлының шығармашылығы жөнінде ой өрбітіп, қазақ әдебиетінің жай-күйі жөнінде өзекті мәселелерді ортаға салды.