Шөп — бұл от үшін ең оңай олжа
Сарысу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Ә.Бекенов және Сарысу аудандық орман шаруашылығының аңшылықтанушы маманы О.Адилханов, орман өрт сөндіру бөлім басшысы Ж.Оразбаевпен бірлесіп, аудан аумағында шөп жинау кезінде өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы өртке қарсы нұсқама өткізді.
Біріншіден, шөп-бұл от үшін ең оңай олжа. Осы өрт қауіпті кезеңде кішкене ұшқын қысқа мерзімде ірі жжем-шөпті жоятын өртке әкелуі мүмкін, ал одан әрі бақылаусыз таралған кезде орман алқаптарын жояды, елді мекендерге жақын келіп, тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстарына қауіп төндіреді. Естеріңізге сала кетейік, өрт көбінесе тракторлардың, комбайндардың және автомобильдердің қозғалтқыштарының пайдаланылған газ шығатын құбырларынан ұшатын ұшқыннан пайда болады.
Бірақ шөп шабу кезінде көптеген адамдар өрт қауіпсіздігі ережелерін есте сақтай ма? Ережелер сақталмаған кезде бүкіл көп күндік еңбек текке кетуі мүмкін.
Шөптер көбінесе тұрғын үйлердің, моншалардың және басқа да ғимараттардың жанында сақталады. Көбінесе өрттің себебі балалардың отпен ойнауы болып табылады, осыған ата-аналар жауапты болады. Шөпті жанбайтын материалдан жасалған өртке қарсы қалқалармен қоршалған жапсарлас құрылыстарда сақтауға рұқсат етіледі. Тұрғын үйлердің, гараждардың, аулалық құрылыстардың, үй-жайдың аумағында жиналған шөптің өрт қауіпсіздігі үшін олардың иелері жауапты болады.
Шөпті жинау кезінде өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет. Шөп жинау басталғанға дейін оған тартылған адамдар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі тиіс, жинау агрегаттары алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтандырылуы тиіс, шөп дайындау кезінде іске қосылған ауыл шаруашылығы техникасы жарамды ұшқын сөндіргіштермен жабдықталуы, қоректендірудің, от алдырудың, майлаудың реттелген жүйелері болуы тиіс. Белгіленген тәртіппен тіркеуден өтпеген қолдан жасалған техниканы пайдалануға тыйым салынады, далалық жағдайларда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
Өрт шыққан жағдайда «101», «112» телефон нөмірлері бойынша қоңырау шалыңыз.
Сарысу ауданы ТЖБ
аға инженері азаматтық
қорғау аға лейтенанты
Ә. Бекенов