ШӨП ЖЕП СЕМІРМЕГЕН ҚОЙ
Бір күні әкеммен ойнап
отырып, әкемнің сақалынан ұстап едім, ол
тосыннан: Пах дегенде, қорқып, қатты жыладым.
Сонда әкем: » Болпыштың
( мені еркелетіп солай атайтын) көті бос екен ғой,
қорықпа, жарығым»- деп,
әрең жұбатты.
Мен: » неге маған жаман сөз айтасың» дегенде,
-Бұл жаман емес, көті бос онай жұлынатын,
тамырсыз көк
шөп, оны қорқақ жігерсіз, жылауық адамға
айтылады- деді де, маған
қорқыныш туралы майың
тамызып, көп ертегі мен
әңгіме айтты.
— Қорқыныш билеген адам өмір бойы қор болады.
Қорқыныш ол бел шешіп,
белсеніп тұрмаған адамда
болады.»Қорыққаның сыйлайды» деген сөздер
содан қалған.
Қорқыныш сезімі тіпті
жануарларға да тән.
Ертеде бір данышпан хан
ақылды уәзір таңдау үшін
мынандай жарлық беріпті:
— Мен берген қойға кімде-кім жем- шөбін, суын
мезгілімен беріп, бірақ семіртпеудің жолың тауып,
оны маған арық күйінде әкелсе, сыйлық берем- депті.
Сыйлықтан үміткерлер көп болыпты, бірақ жем-су
берген қой семіруін тоқтатпапты.
Хан талабын бір ғана қойшы орындапты.
Ол даладан көкжалды ұстап әкеліп, қойдың жанына шыңжырлап байлап қояды.
Қой қанша ас ішсе де,
қасқырды көріп » ішкені ірің,
жегені желім» болып,
» қорқақ тірідей өледі» деген қорқыныштан әбден
көтерем болып арықтайды. Осыдан кейін «Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау», «Ойшыл білмегенді, қойшы
білер» деген сөз қалыпты.
РАЙХАН МАТАЕВА