ШТАБ ОТЫРЫСЫ

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен жылыту маусымының аяқталуы бойынша штаб отырысы өтті.
🔹Ең әуелі Тараз қаласы әкімдігінің тұрғынжай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Бекзат Болатбеков жылыту кезеңінің өту барысы туралы баяндады.
– Жылыту маусымы кезеңінде отын-энергетика кешендері штаттық режимде жұмыс істеуде. Жылу көздерінде температуралық кестенің сақталуы қала әкімдігінің күнделікті бақылауына алынған. Барлық кәсіпорындарда апаттық-диспетчерлік бөлімшелері тәулік бойы қызмет атқаруда. Жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтуде.
Жалпы, 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы кезеңінде жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорындарда апатты жағдайлар, яғни ұзақ уақытқа жылудың өшуі орын алған жоқ, – деген Бекзат Мейірбекұлы жылыту маусымын сәуір айының 15 күні аяқтауды ұсынды.
🔹Шаһар басшысы өз кезегінде келесі жылыту маусымына дайындыққа қазірден бастап кірісу керектігін қадап айтты.
– Жалпы биыл жылыту маусымы қалыпты өткенімен, кемшіліктер де кездескенін жоққа шығара алмаймыз. Тұрғындар тарапынан да біршама арыз-шағымдар түсті. Сондықтан келесі жылыту маусымының дайындығын осы бастан қолға алу қажет. Ең әуелі емхана, мектеп секілді әлеуметтік нысандардың жылу желілеріне баса назар аударылуы тиіс. Сондай-ақ жатақханалардың жағдайы да назардан тыс қалмауы қажет.
Биылғы кемшіліктердің барлығы жан-жақты жоспардың болмауынан туындады. Сол себепті жылыту маусымы аяқталғаннан кейін орын алған әрбір кемшілік бойынша тиісті сараптама жүргізіліп, кешенді жоспар түзілгені жөн, – деген Баытжан Әмірбекұлы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
🔹Жиын қорытындысы бойынша облыс орталығында жылыту маусымын 15 сәуірде аяқтау туралы шешім қабылданды.
📌Сонымен қатар гидравликалық тығыздау жұмыстарына байланысты, Тараз қаласында 15 сәуірден 15 мамырға дейін, 1 ай мерзімге ыстық су өшіріледі.