ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен 2023 – 2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы аудандық штабтың отырысы өтті.
Жиынға штаб мүшелері мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
Штаб отырысында, Қалалық қазандықтың, Жаңатас қаласының, білім және денсаулық салаларының жылыту маусымына дайындық барысы қаралып, талқыланды.
Алдымен аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімінің басшысы Д. Шалбаев «Ауданда 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысын зерделеу қорытындысы бойынша» жылыту саласындағы жалпы жағдаймен таныстырды.
Содан кейін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сала басшылары мен жауапты тұлғалар атқарылған жұмыстарды баяндады.
Аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы жылыту маусымына қалалық қазандықтағы негізгі қондырғыларды дайындау, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылу беру маусымына дайындау, үй ішіндегі жүйелердің жабдықтарын профилактикадан өткізу, жөндеу және ауыстыру, барлық әлеуметтік нысандардағы от жағатын қазандықтар мен ішкі жылу жүйелерін тексеру, шаю, тазалау, анықталған ақаулар мен кемшіліктерді ретке келтіру, қала мен елді мекендердегі әрбір үйлердің қатты отынға қажеттеліктерін есептеу және қатты отынмен қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.
Сарысу ауданы әкімдігі