Аудан әкімінің орынбасары Н.Молдабековтың төрағалығымен көктемгі су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында, жедел штаб отырысы өткізілді.
Штаб отырысында аудан әкімінің орынбасары Н.Молдабеков қала және ауылдық округінің әкімдеріне арнайы техникаларын және құрал жабдықтарын жоғарғы дайындыққа келтіруде қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, күннің күрт жылуына байланысты жаппай сенбілік жұмыстары аясында, жол асты көпірлердің ауыздарын ашу, арық атыздарды тазалау жұмыстарын ұйымдастыруды қолға алу керектігін айтты.