Шу ауданында электр жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүруде
Шу ауданында 01-04 сәуір аралығында ауа-райының күрт өзгеріп, желдің ұйытқу жылдамдығы 16-25 м/с жету салдарынан аудан аумағында бірқатар нысандарға зақым келіп, электр қуатының сөнуі орын алды.
Жалпы, жел салдарынан 22 дана электр бағанысы құлаған.
Бүгінгі таңда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазірге дейін, 21 электр бағанысы қайта қалпына келтірілді. Электр жүйелерінің қалпына келтіру бойынша 16 бригада жөндеу жұмыстарын жалғастыруда.
Орталықтандырылған су, газ, жылу қызметтері тоқтатылған жоқ.
Аудан бойынша 2799 абонент электр қуатынсыз отыр. (Қонаев ауылында-100 абонент, Белбасар -52 абонент, Бірлік 353, Дулат -400, Алға -40, Балуан Шолақ-354, Төлеби ауылы -1500 абонент).
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 сәуірі күні шамамен 18-30 сағатта, Шу қаласы Сейтимбетов көшесі №3, бір қабатты, сегіз пәтерлі тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алып, өртенген үйдің жалпы алаңы 150 ш.м. құрады. Адам шығыны жоқ. Тұрғындар туыстарының үйіне уақытша орналасты.
Қазіргі таңда, әр пәтер иесінен мемлекеттік көмекке өтініштері қабылданып, материалдық жағдайы тексерілуде. Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тиісті жәрдем ақы беріледі.
Бұдан бөлек, қатты жел салдарынан 7 білім ғимараты және бірқатар нысандар зардап шекті.
Жұмысшы топ құрылып, келтірілген шығындар есептелуде.
Жамбыл облысы әкімдігі