Шу ауданының әкімі С.Арубаевтың халыққа есебі

Еліміздің табысты дамуының кепілі болған тағы бір жыл тарих қойнауына енді. Әр жыл – тарих парағындай өзіндік ерекшелігімен еніп, өшпестей із қалдырары ақиқат. Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің Халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекет басқару және өзін – өзі басқару туралы Заңының бекітілген кестеге сәйкес Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев 2021 жылғы қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік –экономикалық жағдайы туралы халық алдындағы есебін аудан тұрғындарының алдында қортындылады. Қортынды жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев қатынасты.
Есеп берудің алғашқы сөзі Шу ауданы әкімі Сәкен Қаланұлы халық алдындағы есебін 2021жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінен бастап оның оң динамика қалыптасқанын айтып өтті. Өнеркәсіпте өндірілген өнім -102,1% (20985 млн.), ауыл шаруашылығының өнімі — 110%(77671,5 млн.), құрылыс жұмыстары- 114,9% (19472,3 млн.), тұрғын үй көлемі -114,3% (34903 мың ш.м.), инвестиция көлемі- 115,6% орындалып (35 108,6 млн.). Бюджет кекірістер 100,1% болса, игерілуі 99,5% құрағандығын атап өтті. Ауданда 261,1 млрд. құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылуда Тараз химиялық паркі аумағында «Qazsugar Co» ЖШС — Қант зауытықұрылысы- 92,3 млрд, «Қызылша» ЖШС — егін алқаптары-20,0 млрд, «Казақмыс Корпорациясы» ЖШС Шатыркөл-Жайсан кластерінде жаңа кен байыту фабрикасы-55,7 млрд, «Жанашыр прожект» ЖШС Жайсан мыс кенін өндіру зауыты -67,2 млрд, «Qazaq bio product» ЖШС – Сүт тауарлы фермасы -20,8 млрд, «Компания А&Т Энерго А» ЖШС — 6,7 МВт шағын гидроэлектр стн.-5,1 млрд. Одан бөлек «Тараз Химиялық Паркі» арнайы экономикалық аймағында 365,1 млрд. құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асырылатын болады деді аудан басшысы.