ШУДА 32 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Бүгінде көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету — еліміздің алдында тұрған үлкен міндет болып отыр. Осы үдеден шығу мақсатында ауданымызда кейінгі жылдары нақты жұмыстар қолға алына бастады.
Нақтырақ айтар болсақ, өткен жылдың өзінде аудан бойынша 75 отбасына баспана кілті табыс етілген болатын.
Бұл жұмыстар биыл одан әрі жанданып, 100-ге жуық жерлестерімізді тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр. Соның ішінде бүгін 32 отбасына су жаңа 3 бөлмелі тұрғын үйлердің кілті табысталды.
Бүгін салтанатты шараға арнайы қатысып, су жаңа пәтерге жайғасып, қоныс тойын тойлағалы жатқан жерлестеріміздің қуанышын бөлісіп, қоныстарының құтты болуын тіледік. Сәтін салса, жыл соңына дейін қалған тұрғын үйлердің кілті өз иелеріне табысталатын болады.