Шуда бір күнде екі балабақша ашылды

Шу ауданына қарасты Ақсу және Мойынқұм ауылдарында «Нұршуақ -2» және «Neet mubarak» деп аталатын екі жаңа балабақша ашылды.


«Нұршуақ -2» балабақшасының ерекшелігі жылдың басына дейін балаларды тегін қабылдайды . Сонымен қатар үш ауылдың балаларын балабақшаға тегін жеткізеді.

Бұл нысанның құрылыс жұмыстарына 100 млн теңгеге бөлінген. Мектепке дейінгі мекеме 200 орынға есептелген. Аталған мекеменің ашылуы 40 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

50 орынға есептелген екінші жаңа балабақшаның құны 25 миллион теңгені құрап отыр.10 адам тұрақты жұмыспен қатылған.

✅Жұртшылықтың көптен күткен қуанышын бөлісуге аудан әкімі Сәкен Арубаев арнайы барып, салтанатты шарада ізгі лебізін білдірді.

«Қазіргі таңда Шу ауданында 23 мемлекеттік 16 жеке меншік балалар бақшасы бар. Олардың қатары жыл сайын артып келеді. Ашылғалы тұрған бала бақшалар Мемлекет басшысымен жарияланған «Балалар жылына » тамаша тарту екені сөзсіз.

Сондықтан осы істі қолға алған жандарға, құрылысты жүргізген мердігерге алғыс айтудың жөні бар деп есептеймін. Алдағы уақытта мұндай игі жұмыстар жалғасын табады деп сендіремін»,-деді аудан басшысы.