Шуда полицейге күш көрсеткендер ұсталды
Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін түнде Шу аудандық полиция бөліміне белгісіз адамдар полицейлерге күш көрсетіп жатқаны туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкері оларды тыныштандыру үшін ескерту оғын атуға мәжбүр болған.
Тәртіп сақшылары Шу қаласындағы вокзалда нөмірсіз жүрген «ВАЗ-21014» автокөлігін тоқтатты.
Көліктің жүргізушісі мен жолаушылары полицияның заңды талабына бағынбаған. Мұнан соң өзге де таныстарымен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсеткен.
Аталған факті бойынша Шу аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 380-бабы 1-тармағы «Билік өкіліне қарсы күш қолдану» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Заң бұзғандарға қатысты ҚР ҚПК 128-131 баптары бойынша ұсталды. Қалған мәліметтер ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.
aikyn.kz