Шудағы суармалы алақаптарға қажетті су көлемі және суару маусымына каналдардың дайындық барысы
Шу ауданында барлығы — 102 су жүйелерінің нысандары бар. (о.і 11 гидротехникалық құрылыс (ГТҚ), атап айтқанда 3 су қоймасы, 4 су бөгеттері, 1 су торабы және 3 магистралды канал 91 шаруашылық каналдар бар). Бұл су жүйелерінің басым көпшілігі, яғни 96 су нысаны «Қазсушар» РМК-ң Жамбыл филиалының теңгерімінде, 5 су нысаны «Жамбыл су қоймалары» КМК-ң теңгерімінде, ал 1 нысан жеке меншікте. 2022 жылға суарылатын 28261 га жерге шығынымен қосқанда 457 млн. текше метр су қажет.
Қуанарлығы өңірде су шаруашылығы саласындағы қалпына келтіру ісі жүйелі жүргізіліп отыр.
Асарлатып тазаланатын ішкі шаруашылық каналдар саны 15, оның 2022 жылы 67 шақырым 15 каналға, 83 шаруашылық ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізді. (қамысын өртеу, қолмен тазалау және тоғанның әлсіз жерлеріндегі дамбаларын күшейту сияқты).
Суару маусымына дейін «ҚАЗСУШАР» РМК тарапынан ауданда 3 ішкі шаруашылық каналдары тазаланды. Жалпы ұзындығы 55,2 шақырым, механикалық тазалау жұмыстарына қатысқан шаруашылық саны — 20 .
Көркем Асқар