«Шұғыла» қоғамдық қоры аудан ауруханасына 5 тыныс алу аппаратын сыйлады
Ел басына түскен қиын сәтте, жомарт қолды азаматтар да қол ұшын созып, көпке көмегін көрсетуде.
Ұлтымыздың қанында бар қайырымдылықты берік ұстанған ізгі ниетті азаматтар індетпен күрес шарасына білек сыбана кірісіп кетті.
Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті.
Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.
Адам ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады.
Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмектің, ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.
Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.
Осындай ұстанымыды ұстанған «Шұғыла» қайырымдылық қоры тарапынан аудандық ауруханасына 5 оттегі концентраторы табыс етілді.
— Індет белең алып тұрғанда, мұндай оттегі концетраторы науқастар үшін пайдасы зор. Адам өкпесі зақымданғанда оттегі жетпей қиналады. Бұл аппарат көптеген адамның өміріне араша болады,-деген бас дәрігер Б.Бегманова өз кезегінде індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдап, көмек қолдарын созған қорға, кәсіпкерлерге аурухана ұжымдары алғыстарын білдірді.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы.