ШУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЕКІНШІ РЕТ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеев әртүрлі салада жетістікке жетіп жүрген үздік жастарды марапаттады. Облыстық жастар сыйлығын алғандардың қатарында мұғалім, дәрігер, актер, журналист, мемлекеттік қызметкер де бар. Олар қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласып, өңірдің дамуына өзіндік үлес қосқан жандар. Шара сан салада қызмет етіп жүрген жас мамандардың деңгейін арттырып, жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасауға бағытталған.



Нариман Абай