ШЫМКЕНТ: ҚАРАБАСТАУ ЕЛДІМЕКЕНІНЕ САПАЛЫ АУЫЗ СУ ЖЕТКІЗІЛДІ

Биылғы жылы Шымкентте ауызсумен қамту бойынша 6 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде 72 мыңға жуық адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, қала бойынша сумен қамту көрсеткіші 98,5% — дан 99,5% — ға дейін артты.
Былтырғы жылы Қарабастау елдімекеніне су құбырын жеткізу мақсатында мердігер мекемемен келісім шарт жасалған болатын. Су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Бүгінде жоба аяқталып,
аталған елдімекенде 1651 абонент ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі