ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкіміне сәйкес қала әкімінің орынбасары болып Айманбетов Маулен Зарлықұлы тағайындалды.

Маулен Зарлықұлы 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы бойынша инженер-автомобиль жолдарының құрылысшысы, агроном, экономист және іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Қызметтік жолын 1990 жылы «Алматы қала құрылысы» тресінің 2-ші құрылыс-монтаждау басқармасының шебері болудан бастаған. Кейіннен аталған басқарманың прорабы, басқарма бастығының орынбасары болған. 2000-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Фитосанитария» РМК бас директоры болып қызмет атқарған.

2006-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасына ведомстволық қарасты ұйымдарда түрлі лауазымда жұмыс істеген.

2008-2013 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары болған.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласында автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облысы бойынша Автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

2014 жылдан бүгінгі күнге дейін «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» ММ күрделі құрылыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келген.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Исахов Мақсұт Пернебайұлы тағайындалды. Мақсұт Пернебайұлы 1974 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы, заңгер.
Еңбек жолын ішкі істер басқармасынан бастаған Мақсұт Пернебайұлы еліміздің бірқатар облыстарында кеден саласында, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында қызмет атқарған. Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары, Алматы қаласы  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы,  аталған қалада энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Бүгінгі күнге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келген.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі