ШЫМКЕНТТЕ «109» БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, азаматтарға қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында «iKomek» орталығы ашылды.

Тұрғындар тәулік бойы «109» бірыңғай байланыс нөміріне тұрғынүй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, көшелерді тазалау, жол қозғалысы сынды мәселелермен қоңырау шала алады.

 

 

Нәтижесінде қала әкімінің тапсырмалары мен тұрғындардың шағымдарының орындалуын онлайн бақылауға мүмкіндік туады. Мәселелердің шешіліп жатқанына орай сала басшыларының жұмыстары бағаланады.

Орталық тәулігіне 3000 қоңырау қабылдай алады. Қажет болған жағдайда 5000-ға жуық азаматқа қызмет көрсетеді. Ол үшін тәулік бойы 26 қызметкер жұмыс істейді.

 

 

Сонымен қатар, iKomek орталығының 8777109109 WhatsApp нөмірі қайта жұмысын бастады.

Ағымдағы жылдың шілде айының соңында бірыңғай базаның веб-сайт үшін өтініштерді қабылдау модулі, мобильдік қосымшасы, тelegram-бот іске қосылады.