ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ БІР МИЛЛИОН ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат ӘЙТЕНОВ республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат беріп, «ТМД-ның мәдени астанасы» жылына орай жоспарларымен бөлісті.

– «ТМД-ның мәдени астанасы» жылы — бәріміздің бірлігімізді, елдігімізді көрсететін шара. Шымкентті көпшілік қонақжай қала, тұрғындары еңбекқор әрі жайдары көңілді деп бағалап жатады. Оған ешкім қарсы дау айтпас. Дегенмен, осындай айтулы шара кезінде барлық салада да үлгі боларлық істерімізді көрсетейік. Мәдениеттілік тек концерт қоюмен ғана шектеледі десек, қателесеміз.

Осы орайда қала тазалығына әрбір тұрғын жауапты болуы қажет. Жоғары мә­дениеттілік тазалықтан басталады. Алда қаланы абаттандыру ісіне ерекше мән береміз, тазалық шараларын жиі ұйымдастырамыз. Сондай-ақ миллион тұрғыны бар қалаға миллион көшет отырғызу жобасын қолға алмақпыз. Бұл қоршаған ортаға, сүйікті қаламызға деген қамқорлық пен мәдениетімізді жоғарылата түседі деп ойлаймын. Барша шымкенттіктерге айтарым, үлкен жауапкершілікті сезініп, мәдени астана жылын абыроймен өткізуге хал-қадерімізше үлес қосайық дегім келеді.

Сәбит Тастанбектің

 фейсбук парқшасынан