Шымкентте қатты дәрі шығаратын цех іске қосылды

 Шымкент қаласында кәсіпкерлерді қолдау аясында, жалпы құны 13,5 млн АҚШ доллардың жобасымен құрылған «Химфарм» акционерлік қоғамының қатты дәрілер шығаратын цехын Елбасы телекөпір барысында іске қосты.  Цехтың өнімнің 80 пайызы ішкі нарыққа, қалған 20 пайызы экспортқа жіберіледі деп жоспарлануда.

 72 адам жұмыспен қамтылса, олардың басым бөлігі арнайы Polpharma тобының үздік өндіріс орындарында оқып келген және қатты дәрі шығаратын өндіріс цехы заманауи құрылғылармен жабдықталған бұл  жоба — Шымкенттегі инвестициялық жобаның маңызды бір бөлігі.  Зауытта 1200-ден астам жоғары білікті маман жұмыс істейді. Өндірістің барлығы әлемдік сапа стандартына сай. «Химфарм» АҚ жобалары Президенттің фармацевтикалық саладағы отандық өндіріс үлесін арттыру тапсырмасымен индустриаландыру және жаһандық жаңару бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Салалық GMP стандарына толық сай келетінін бұл цехта жылына түрлі дертті емдеуге арналған 20 миллионнан астам қорап дәрі шығарылады. Алдағы уақытта цех жылына 600 миллион таблетка шығару жоспарлануда. Компания өкілдері  оған мүмкіндігіміз толық жетеді дейді.

Компанияның бас директоры Ижи Урбанец «Біз жалпы көлемі 108 млн доллар көлемінде инвестиция құюды жоспарлап отырмыз. Жаңа цехты іске қосқаннан кейін біз экспорттық әлеуетімізді 5 млрд теңгеге жеткізе аламыз. «Химфармның» атынан фармацевтикалық саланы қолдап, инвесторларға ыңғайлы жағдай жасағаныңыз үшін алғыс айтамыз», — деді және осымен төртінші цехтың ашылып жатқанын айта кетті. 

 

Бекнұр САЙЛАУ.