«Шын жүректен кітап сыйла!»

Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназия кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында 14-ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Шын жүректен кітап сыйла!» атты тақырыпта 2-11 сынып оқушылары арасында челлендж өткізілді.
Іс-шараның мақсаты оқырмандарға кітап оқу мәдениетін насихаттау, оқу белсенділігін арттыру және оқу құзіреттілігін дамыту, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, рухани мәдениетін көтеру және кітап қорын толықтыру.
Халықаралық кітап сыйлау күні 2012 жылдан бастап жыл сайын 14 ақпанда аталып өтіледі. Бұл Халықаралық мереке АҚШ-тың «Балалар кітабы» сайтының негізін қалаушы және үш баланың анасы Эмми Бродмур бастамасымен, сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып, тойлануда. Көркем әдебиеттерімен мектептің кітапхана қоры толықтырылуда.
Кітап сыйлау аздық етпейді.Бір-бірімізге кітап сыйлап, рухани бай болайық.
Кітап сүйер қауым, мереке құтты болсын!