«Шын жүректен кітап сыйла!»

“ӘУЛИЕАТА- КІТАП ОҚИТЫН ӨҢІР” жобасы аясында 14-ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Шын жүректен кітап сыйла!» тақырыбында Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының “Дәстүр және өнер” бөлімінің меңгерушісі Қожамарова Назым Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жолмаханова Айтбала Абухасқызына балаларға арналған ертегі кітаптарын сыйға тартты.
 Халықаралық кітап сыйлау күні 2012 жылдан бастап жыл сайын 14 ақпанда аталып өтіледі. Бұл Халықаралық мереке АҚШ-тың «Балалар кітабы» сайтының негізін қалаушы және үш баланың анасы Эмми Бродмур бастамасымен, сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып, тойлануда.
 Балаларға арналған ертегі кітаптармен Жаңатас қалалық балалар кітапхана қоры толықтырылуда.
Кітап сыйлау аздық етпейді. Бір-бірімізге кітап сыйлап, рухани бай болайық.
Кітап сүйер қауым, мереке құтты болсын!