Шырайлы Шығыстың Астанадағы күндері

Биылғы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізіліп жатқан іс-шаралардың ішіндегі маңыздыларының бірі «Қуатты өңір — қуатты Қазақстан» жобасының ел есінде қалатын істердің бірегейі болатын сыңайы бар. Қыркүйектің басынан бері әр апта сайын екі облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері, өңірлердің мәдениеті мен өзге де табыстарын айғақтайтын тамаша көрмелер елорда тұрғындарының көз қуанышына айналып үлгерді.

Шығыстың сыйы

Астанаға ат басын бұрушылардың соқпай кетпейтін бір жері бар. Ол — «Әлемдегі ең үлкен шатыр» атағымен Гиннестің рекордтар кітабына енген «Хан шатыр» СОО кешені. Міне, сол кешеннің жанындағы ашық алаң image-10-10-16-14-01елорданың жәрмеңке, сауық алаңдарының бірі болып есептеледі. Бұл жерде шілденің басты мерекесі – Астананың «Қала күні» тойланса, қыстыгүні мұндағы мұз қала балаларды қойып, ересектердің де бір «тыраңдап» алатыны тағы бар. Соңғы уақытта осы алаң облыстардың өз жетістіктерін паш етер майданына айналып кетті. Солардың қатарында қазанның 8-9 аралығында өткен ШҚО-ның Астанадағы күндері де бас қаланы думанға бөлеген оқиғалардың бірі болды. Кезекті жәрмеңкені көріп, алыстан келген ағайынның жайын біліп қайту үшін аппаратымызды арқалап алаңға келгенімізде, қала жұртшылығы әлдеқашан базаршылап image-10-10-16-14-01-12кеткен екен. Шығыстың балы, балқарағай шекілдеуігі (жаңғағы), Зайсанның балығы мен тарысы дегендер бұл өңірдің брендіне жататынын білетін жұрт, таза әрі тәбиғи өнімдерді алу үшін жайма алдында топырлап сауданың көрігін қыздырып жатыр. Қатар-қатар орнатылған шатырлардың маңдайшаларына әр ауданның аты мен өнімдерінің бағасын жазып қойыпты. Бұл да болса сенімділіктің белгісі екен дестік. Осының алдындағы бір жәрмеңкелерде «түстің алдындағы image-10-10-16-14-01-9баға түс қия бере көтеріліп кетіпті» дегенді де естіген болатынбыз. Ал мына көріністер келушілерге сенім бергендей, әрі алармандардың уақытын шығын етпейтін әдіс екені даусыз. Елден келген жауапты азаматтардың айтуынша, ШҚО 400 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеліпті. Яғни 42 тонна жылқы еті, 8 тонна құс еті, сүт өнімдерінен 10 тонна, 7 тонна шұжық және консерві, 40 тонна бал, 10 тонна өсімдік майы, 6 тонна қарақұмық, 6 тонна қымыз, 8 тонна ұлттық тағамдар, 107 тонна картоп пен көкөністер, 55 тонна бақша дақылдары, 11 тонна балық секілді азық-түліктер жеткізіліпті. Тұтынушылардың көбінің бал сатып алып жатқандарын байқадық та, сол сөрелерге біз де үңілдік. Түр-түрімен дайындалған таза әрі табиғи балдың бағасы 900 теңгеден екен.

Қажетті азық-түліктерін қалаға келген жергілікті өнімдерден алуды әдетке айналдырған Астана тұрғыны Нұргүл Сәдуова бүгін осында бал сатып алуға арнайы келгендігін айтты. «Шығыстың балы, соның ішінде Алтайдың балы таза болады. «Атау керені» оқыған адам өзі де осы Алтайдың балына «жерік болып» қалатыны бар ғой, жайшылықта қаладан арнаулы дүкендерден сатып алушы едім. Мына жәрмеңке халыққа қолайлы болды», — деді Нұргүл ханым қолындағы бөлекбөлек бал салынған ыдыстарын жерге қойып жатып. «Негізі қала дүкендеріндегі азық-түлік бағалары түгелдей әйелдер қауымының «бақылауында» болады ғой. Мен де бүгін сол дағдыммен мына жердегі бағаларды бір сүзіп шықтым. Ең арзаны бал екен. Жылқы еті қаладағы бағалардан 300 теңге арзан болса да, қазы, жая секілді кәделі мүшелер Астанамен бірдей болып тұр. Ал картоп пен өзге көкөністер 20-30 теңге арзан сатылып жатыр мұнда», — дейді Сәдуова Нұргүл апайымыз.

57f91b27f2ba6unnamed_7

Ашық алаңға құрылған сахнаның төрінде Ә.Қашаубаев атындағы облыстық мемлекеттік филармонияның «Шұғылалы Шығыс» атты концерті де астаналықтарды ән мен күйге сусындатып жатты. Бүгінгі жәрмеңкеге облыс басшысы Даниал Ахметовпен бірге Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев те арнайы келіп, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, олимпиада төрінде көк байрағымызды желбіретіп жүрген «Шығыстың елігі» Ольга Рыпакова да жерлестеріне қолдау білдіруге келіпті.

Алыстарға жетелеген «Ата-бабалар мұрасы» көрмесі

ШҚО-ның Астанадағы күндері шеңберінде өткен келесі бір шара «Көрме» орталығында болды. Тарихы аса бай келетін алып аймақтың қойнауларынан табылған археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған олжалардың көрмесі еді. Осы арада оқырманға түсініктірек болуы үшін сәл шегініс жасай кеткенді жөн көрдік. 2014 жылы тамыздың соңында Астанадағы Назарбаев орталығында үлкен археологиялық жаңалықтың таныстырылымы өткен еді. Берел қорымын ашып, дүниені дүрліктірген тарихшы, археолог Зейнолла Самашев ағамыз бастаған археологиялық топ, Алтайдан тағы да бір көне қабірдің сырын ашты. Халықаралық Түрік академиясының «Батыс түрік қағанатының мемлекеттік құрылымы» атты ғылыми-зерттеу жобасы негізінде жүргізілген қазба жұмыстары оң нәтиже беріп, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданындағы Қара қаба өзенінің бойынан көне қорым табылыпты. Қабірден мөлшермен 40 жас шамасындағы адам сүйегімен қоса көмілген жылқы және сол дәуірдің қару-жарақтары, дулыға, садақ, жебе, қорамсақ, қылыш, сонымен қатар, алтын жалатылған ер-тұрман, жүген табылған. Сондай-ақ, сарбаздың қасынан қобызға ұқсас музыкалық аспап шыққан. Бұдан кейінгі уақыттарда бұл өңірден туристерге арналған ашық аспан астындағы мұражай салу жұмысы да қарқын ала бастағанын мерзімді басылымдардан білетін едік. Ал бүгінгі көрмеде Астана тұрғындары сол ғажайыптарды, яғни сақтан қалған «сарқытты» өз көздерімен көріп, күллі түркінің бесігі болған қарт Алтайдың қазынасына бір сусындап қайтты.

Өңірдің жетістігі

Осы «Көрме» орталығында екі күн бойы ШҚО-ның машина жасау және жеңіл өнеркәсіп саласында жеткен жетістіктері таныстырылған көрмесі де ШҚО-ны өзге облыстардан оқ бойы оздырғандай іс-шараның бірі unnamed-82болды. Еліміздегі ең ірі индустриялды-аграрлық аймақ саналатын Шығыс Қазақстан облысы кен өндіру, түсті металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс материалдар өнеркәсібі, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласы дамыған Шығыс өңірі қазіргі күнде отандық көлік өндірісінде көш бастап тұр. Кезінде Семей қаласында құрастырылған кореялық «DAEWOO» автобустары әлі күнге дейін елорда көшелерінде жүйткіп жүр. Ал келер жылы болатын «EXPO — 2017» көрмесінде Астанаға келуші қонақтар Өскеменде жасалған таксилерге отыратын болады. Бұл ақжолтай жаңалықты да аталмыш көрме барысында біліп қайттық. Шығыстың тағы бір мақтанарлық жаңалығы көрмеге әкелінген «Қазақстанда ең алғаш рет құрастырылған электромобиль» еді. Осы қатарда IT-киіз үй, емдеу саласына қажетті жабдықтар да ел өнеркәсібіне серпін берер дүниелер еді. Өскемендегі «Азия Авто Қазақстан» компаниясында қазіргі күнде танымал маркаларды өз ішіне алған 32 түрлі көлік шығарылыпты. Бұл көрмеде осыдан бөлек жеңіл өнеркәсіп өнімдері де әкелінген екен. Тігін және тоқыма бұйымдарын, мата-жүн, аяқ киім, құрылыс киіздері, тон және былғары бұйымдарын өндіретін шығыстың 100-ден астам кәсіпорындары өз өнімдерін көрмеге қойыпты. Ал осы дүниелердің біразы зағиптар мен саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік орталықтарында жасалатынын көп адамдар білмесе керек.

Ерқазы Сейтқали