Сіз бақыттысыз, егер…
Егер сіз таңда аман-есен оянсаңыз, Сіз өмірі келесі аптаға жетпейтін 1 миллион адамнан бақыттысыз.
… Егер сіздің басыңыздан соғыс, жалғыздық, абақтыға қамау, қудалау немесе ашаршылық кешпесе, Сіз бұл әлемдегі 500 миллион адамнан бақыттысыз.
… Егер сіз мешітке ешқандай қорқусыз және абақтыға қамалу не өлім туралы қорқытуларсыз емін-еркін бара алатын болсаңыз, Сіз бұл әлемдегі 3 миллиард адамнан бақыттысыз.
… Егер сіздің тоңазытқышыңызда жейтін асыңыз болса, үстіңізде киіміңіз, басыңызда панаңыз және жылы төсегіңіз болса, Сіз бұл әлемдегі 75% адамнан байсыз.
… Егер сіздің банкте шотыңыз болса, әмияныңызда ақша және жиналған аз ғана тиыныңыз болса, Сіз бұл әлемдегі 8% ауқатты адамдар қатарынан боласыз.
… Егер сіз осыны оқып отырсаңыз, Сіз әріп танымайтын 2 миллиард адамның қатарынан емессіз.