«Сізде лашынбар екен, бізде сұнқар бар екен»
Бұрын қазақтар жастарын ерте үйлендіруді дұрыс көрген. Себебі, олар жағымсыз қылықтардан аулақ, ұрпақтары көп, мықты болып өседі деп санаған. Өзінің болашақ құдасы кім болатындығын ақылдасып шешкеннен кейін, жігіттің әкесі қыздың уйіне жағдайларые барлап қайту үшін барып келетін арнайы кісіні таңдаған. Оны жаушы деп атаған. Әдетте жаушы ретінде сөздің астарын аңғара алатын, сыр тарта білетін адамды жіберетін болған. Қыздың үйіне келгенде ол өзінің мақсатын айтпай-ақ ұктыру үшін бір балағын етігінің ішіне салып, екінші балағын сыртқа коя беріп босағадан аттаған. Салтқа сай төрге шығып жайласып, аман-саулық сұрасып болған соң, ол: «Сізде лашын бар екен, бізде сұнқар бар екен» деген ескі сөзді келген шаруасына арқау етіп өз міндетін орындауға кіріскен. Асықпай, айтылған әрбір сөзге мән бере отыра, жаушы ас-су үстінде уй иелерімен мәмілеге келуге тырысып баққан. Егер қыздың басы бос болып екі жақтың ниеттері жарасып, ойлары бір жерден шығып жатса жаушы қарғыбауы деп уй иесіне ат беріп, өзі шеге шапан киіп жіберген жағына қайтып оралған.
Кітаптан: Қазақ халқының салт- дәстүрлері
Автор: Ералы Оспанұлы