Сізде уайым дерті бар ма? (Психологиялық тест)

Пенсильвания университетіндегі Дэвид Бернс дәрігер уайым ауруына өздігінен диагноз қоюға болатын “Бернстің уайым тізімі” атты жоба жасаған. Бұл тізім арқылы сіз өзіңізде уайым ауруы бар-жоғын тез арада білуіңізге болады. Өзіңізге сәйкес келетін орынды таңдап, жоқ болса нөл, азырақ болса бір, қалыпты болса екі, ауыр болса үш нөмірін белгілеңіз.

  1. Қайғы: сіз үнемі қайғыланасыз ба немесе қасірет ішінде қаласыз ба?
  2. Үмітсіздену: сіз үнемі болашағыңыздан үмітсізденесіз бе?
  3. Өзін қадірлемеу: үнемі өзіңіздің құныңыз жоқтай сезінесіз бе немесе өзіңізді сәтсіздікке ұшыраушы деп ойлайсыз ба?
  4. Қор санау: үнемі өзіңізді түкке шамаңыз келмейтіндей немесе басқаларға жетпейтіндей сезінесіз бе?
  5. Опыну: әрқандай іске бола өзіңізді опыққа саласыз ба?
  6. Екі ойлылық: шешім қабылдарда үнемі екі ойлы боласыз ба?
  7. Тағатсыздық: үнемі ашуланып немесе әлденеге көңіліңіз толмай жүр ме?
  8. Тұрмысқа деген қызығуды жоғалту: жұмысыңыз, отбасыңыз немесе достарыңызға қызықпай қалған кездеріңіз болды ма?
  9. Пейілін жоғалту: серпіле алмай, жұмысқа пейіл сала алмайсыз?
  10. Өзін бейшара сезіну: өзіңізді қартайғандай немесе тартымдылығыңызды жоғалтқандай сезінесіз бе?
  11. Тәбет өзгерісі: үнемі тамаққа тәбетіңіз тартпай тұра ма немесе кенеттен еріксіз көп тамақ ішкіңіз келе ме?
  12. Ұйқы өзгерісі: сізде ұйқысыздық бар ма немесе күні бойы дел-сал болып, ұйқы басып жүре ме?
  13. Жыныстық әуесін жоғалту: жыныстық әуесіңізді жоғалтып алдыңыз ба?
  14. Дерттену: үнемі өзіңіздің денсаулығыңызға алаңдайсыз ба?
  15. Өз-өзіңізге қол салуды ойлау: тірліктің мәні жоқ деп ойлайсыз ба немесе тірі жүргеннен өлген артық деп санайсыз ба?

 

Жауабы:

 

  • 0-4 нөмір: уайым дерті жоқ;
  • 5-10 нөмір: кейде уайым дерті пайда болады;
  • 11-20 нөмір: жеңіл дәрежеде уайым дерті бар;
  • 21-30 нөмір: орта деңгейде уайым ауруы бар;
  • 31-45 нөмір: ауыр дәрежеде уайым дерті бар, емделуіңіз керек.
  •                                                                                                                               Дайындаған: «ЕлАна»