Сіздер қалай ойлайсыздар ағайын..!

Оңтүстік Африкадағы бір мектептің кіреберісінде мынадай жазу ілініпті:

«Бір мемлекетті жою үшін атом бомбасы немесе алыс қашықтыққа жететін зымыран лақтыру қажет емес.
Ол үшін білім берудің сапасын төмендетіп, оны жалған бағалау, «шпаргалка» атаулыға көз жұма қарау жеткілікті.
Осының салдарынан:
— аурулар дәрігерлердің кесірінен жан тапсырады;
— ғимараттар сауатсыз инженерлердің кесірінен құлайды;
— ақша экономистердің кесірінен жоғалады;
— адамшылық дінпаз насихатшылардың кесірінен құриды:
— әділет жарғышылардың (судьялардың) кесірінен жоқ болады.
Білім сапасының құлдырауы — сол ұлттың құлдырауы

Saule Meshitbaeva фб парақшасынан