Сіздерді көктем мерекесі Наурыз мейрамымен шын жүректен  құттықтаймыз!

Құрметті отандастар!

Өзінің сан ғасырларлық тарихында Наурыз – дәуірлердің байланысын, табиғаттың жаңаруы мен рухани жаңғыруды бейнелейтін жалпыхалықтық жарқын мерекеге айналды.

Бүгінде Наурыз – барлық этностарға ортақ, Қазақстанның әрбір азаматы асыға күтетін мереке.

Біздің елде наурыз айы – ежелден ризашылық, келісім мен үйлесім сияқты терең құндылықтарға толы ерекше ай.

Мемлекет басшысының дәл осы Наурыз айында тұрақтылық пен қоғамдық беріктіктің негізі ретіндегі әлеуметтік бірлік пен әділеттілікті нығайтуға бағытталған бес әлеуметтік бастамасын ұсынуының да терең мәні бар.

Құрметті жерлестер! 

Наурыз мейрамы шаңырақтарыңызға көктемнің көтеріңкі көңіл-күйімен, мол дастарқанымен, шексіз қуанышымен кірсін!

Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, отбасылық береке, жақсылық пен бақыт тілейміз! Көктем Сіздерді өзінің шуағымен қуантып, ал Наурыз әрқайсыңызға шаттық, молшылық пен бақыт сыйласын.

 Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын! 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі