Сіздің баюыңызға кедергі келтіретін 6 әдет

Қаржылық жағдайыңыз өзіңізге тәуелді. 

Көрсеқызарлық

Ішіңіз пысса дүкен араламаңыз, әйтпесе кейін сатып алған заттардан құтылғыңыз келеді. Көрсеқызарлығыңыз болса, дүкенге барар алдында қажет заттар жоспарын жасаңыз.

Қалдырмай сатып жіберу

Қажет емес заттар өтукізу үшін жүргізген компаниялардың алдауына түсіп қалмаңыз. Жеңілдікпен алған дүниеңіз сапалы және пайдалы екендігіне кепілдік бермейді. Сатып алудың кемшіліктері мен зиянын ойлап, кеңес сұрап, ол нәрсе қажет болса ғана алыңыз.

Кедейшілікке бағам

Егер өзіңізге әр кез жаныңыз ашып, бүкіл әлем маған қарсы, деп ойласаңыз, ешқашан байымайсыз. Ақша жайлы наным-сеніміңіз қаржылық мәселелерді шешпейді. барлығын ойыңыздан шығарып, бай болуға көмектесетін жоспар құрыңыз.

Сақталған ақшаның болмауы

Болашағыңызды болжай алмайсыз, сондықтан жинаған ақшаңыз әрдайым уақытта керек болуы мүмкін.

Ақшамен достық

Қаржылық мәселелерді шешу кезінде достарыңыздың да көмегі керек. Алайда бұл тәсілді жиі қолданудың қажеті жоқ. Ақша мәселесі достық қарым-қатынасты шиеленістіру мүмкін.

Қаржылық бақылаудың жоқтығы

Адамдардың көбісі қанша ақша жұмсағанын, сонымен қатар өзгелерге қанша қарыз екенін есептемейді. Бұл нәрсе қаржылық жағдайды білуге кедергі келтіреді. Осындай адамдарға ірі сауда жасау қиынға түседі. Ақша есепті жақсы көреді, егер оны оңды-солды шаша берсеңіз, бәрінен айырылып қалуыңыз ғажап емес.