Сізге пайдалы 3 ақыл-кеңес!
1.Аллаға ұнамды 3 амал:
Біріншісі-өз уақытында оқылған намаз;
Екіншісі-ата-анаға игі болу;
Үшіншісі-Алла жолында күрес жүргізу.
2.Иман ләззатын сездіретін 3 қасиет:
Біріншісі-Алла мен оның елшісін бәрінен артық жақсы көру;
Екіншісі-біреуді тек Алла үшін жақсы көру;
Үшіншісі-тозаққа түспеуді қандай қаламаса, күпірлік жасауды да сондай қаламау.
3.Екіжүзді кісінің 3 белгісі:
Біріншісі-сөзінің бәрі өтірік,
Екіншісі-айтқан уәдесінде тұрмайды;
Үшіншісі-аманатқа қиянат жасайды.
4.Залымдардың 3 белгісі:
Біріншісі-қарауындағыларға зорлық жасайды;
Екіншіс-өзінен жоғарыдағыларға жағымпаздық көрсетеді;
Үшіншісі-өзінен төменгілердің ақысын жейді.
5.Қызғаныштың 3 белгісі:
Біріншісі-сені өтірік жақсы көріп алдайды;
Екіншісі-сыртыңнан ғайбат айтады;
Үшіншісі-қайғыңа қуанады.
6.Жақсы жандар 3 нәрсеге ұқсайды:
Біріншісі-шамға ұқсайды: өйткені шам жарығы айналасындарға тегіс шашылады, бірақ өзі жанып жоқ боп кетеді.
Екіншісі-инеге ұқсайды: ине күллі киімнің бәрін тігіп, өзі жалаңаш қалады.
Үшіншісі-жеміс ағашына ұқсайды: өйткені оның тәтті жемісін жеуге пайдаланады.
7.Имандылықтың 3 белгісі:
Біріншісі-дүниеге қатты берілмейді;
Екіншісі-қорлыққа шыдайды;
Үшіншісі-қайғыға сабырлы болады.
8.Жақсы адамның 3 белгісі:
Біріншісі-көпшілікпен тең қатынас жасайды;
Екіншісі-қолынан келгенше жақсылық істейді;
Үшіншісі-тіпті қиянат жасаушыны да кешіреді.
9.Ақымақ адамның 3 белгісі:
Біріншісі-Құдайдың айтқанын істемейді;
Екіншісі-пайдасы жоқ сөзді көп айтады;
Үшіншісі*-мұсылманды ғайбаттайды.
10.Құдай жолындағы адамның 3 белгісі:
Бірінші-табысты, ішіп-жеуді Алладан деп біледі;
Екіншіс-әңгімесі дін және ғылым жайында болады;
Үшіншісі-бес уақыт намазды жамағатпен бірге оқиды.
11.Дұрыс емес жолдағылардың 3 белгісі:
Біріншісі-тамағы арамнан болады;
Екіншісі-жақсы сөз(шариғат) айтушыдан қашады;
Үшіншісі-намазды ықылассыз оқиды.
12.Дұрыс жолдағылардың 3 белгісі:
Біріншісі-мұсылмандықты ықыласпен ұстанады;
Екіншісі-жаман жұмысқа қол ұрмайды;
Үшіншісі-жамандық істегенге жақсылық жасайды.
13.Адал адамның 3 белгісі:
Біріншісі-құдайдың бұйрығые істейді;
Екіншісі-күнә жасамайды;
Үшіншісі-өзі істеген жақсы істі басқалар да істесе екен деп тілейді.
14.Таза жолда жүргендердің 3 белгісі:
Біріншісі-жаман нәрседен аулақ жүреді;
Екіншісі-біреуді жамандаудан,өтірік айтудан бойын аулақтатады;
Үшіншісі-арам нәрседен денесін таза ұстайды.
15.Ділі қатты адамның 3 белгісі:
Біріншісі-мұсылманға, мүсәпірге жаны ашымайды;
Екіншіс-құдайдың бергеніне қанағат етпейді;
Үшіншісі-жақсы сөзга құлақ аспайды.
16.Шыншыл адамның 3 белгісі:
Біріншісі-құлшылық, ғибадатын жасырын істейді;
Екіншісі-біреуге жасаған жақсылығын, берген садақасын ешкімге айтпайды;
Үшіншісі-тіпті қатесін де жасырын тұтады.
17.Пасықтықтың 3 белгісі:
Біріншісі-жаман жұмыстарды жақсы көреді;
Екіншісі-мұсылманға зиянын тигізеді;
Үшіншісі-ақиқат жолынан қашады.
18.Жақсы жігіттің 3 белгісі:
Біріншісі-біреуі өзіне зорлық етсе, күші жетіп тұрса да оны кешіреді;
Екіншісі-малына зекетін толық береді;
Үшіншісі-мейманын жақсылап күтеді.
19.Сабырлы адамның 3 белгісі:
Біріншісі-әрбір жұмысқа асығыстық жасамйды;
Екіншісі-қайғы жетсе Аллаға шүкіршілік етеді;
Үшіншісі-Құдай не көрсетсе, соған көнеді.
20.Достықтың 3 белгісі:
Біріншісі-досынан жақсылығын аямайды;
Екіншісі-жан досынан дүние алмайды;
Үшіншісі-досының сырын ешкімге ешқашан ашпайды.
21.Тақуаның 3 белгісі:
Біріншісі-нәпсінің айтқанын ешқашан істемейді;
Екіншісі-жігіттікке сабырлық етеді;
Үшіншісі-түнде намаз (нәпіл намазын) көп оқиды.
22.Жалқаудың 3 белгісі:
Біріншісі-Алланың бұйрығына жалқаулық етеді;
Екіншісі-әр жұмысты кемшілікпен істейді;
Үшіншісі-намазын кешіктіріп оқиды.
23.Алдаушы-аярдың 3 айырықша белгісі:
Біріншісі-көпшіліктің алдында намазды сызылып оқиды;
Екіншісі-оңашада намазды асығыс оқи салады;
Үшіншісі-көпшіліктің алдында өтірік көлгірсіп Алланы аузынан тастамайды.
24.Бұ дүниеде адам 3 нәрсеге ынтық болады:
Біріншісі-емін-еркін өмір сүруге;
Екіншісі-жұрттың құрметіне бөленуге;
Үшіншісі-келешекке пайдасы тиетін игі еңбек жемісін молықтыруға. Ал бұларға жету үшін төрт шартты орындауға тиіс:
Біріншісі-дүние-мүлікті адалдан жинау;
Екіншіс-қолда бар дәулетті ұқыптап ұстап, жақсы күту;
Үшіншісі-жиған-тергенді күнделікті керекке, үй-ішінің, туған-туыстың қажетіне жарату(мұның пайдасы ақыретте тиеді)
Төртіншісі-қолдан келгенше пәле-жаладан сақ болу.
25.Бұл дүниеде адам 3 нәрсенің қамын жеп, соған бар ниетімен тырысуы керек:
Біріншісі-күнелтудің жағдайы;
Екіншісі-бөгде адамдармен арадағы қарым-қатынасты әдемі етіп құра білу;
Үшіншісі-өзі туралы кейінгі үрім-бұтаққа жақсы үлгі қалдыру.
26.Өмір бойы еңбегі еш болып, істі оңға бастырмайтын 3 жаман қасиет:
Бірінші-жігерсіз тоғышарлық;
Екінші-мешеулік;
Үшінші-естігенінің бәріне бірдей сене берушілік.
27.Құпия сырды әшкерелеуден келер 3 зиян бар:
Біріншісі-құпия сырын айтқан кісімен арадағы достық жойылады;
Екіншісі-сеніскен серт бұзылады;
Үшіншісі-бұрын сеніп жүрген жандар секем алып, бұдан былай сырын айтпайтын болады.
28.Терең оймен зор тәуекелді қажет ететін 3 нәрсе:
Біріншісі-Патшаға қызмет ету;
Екіншісі-теңізде сауда жүргізу;
Үшіншісі-жаумен жағаласу.
29.Құлазып, тұл қылатын 3 нәрсе:
Біріншісі-өзеннің сусыз арнасы;
Екіншісі-иесіз ел;
Үшіншісі-күйеусіз қатын.
Қолынан не жақсылық, не жамандық келмейтін ез адам осы қатарға кіреді.
- Қайғыруға міндетті 3 адам:
Біріншісі-сырты сұлу, өзі семіз құр аты болса, бірақ сол ат мініс бермейтін жабы болса, міне сол адам қайғыруға тиіс;
Екіншісі-көжесінің суы көп, еті аз, сондықтан тағамының дәмі жоқ адам қайғыруға міндетті;
Үшіншісі-кімде-кім көптің көзіне түсетін сұлу әйелге үйленсе, оған өзі жаға алмаса, сөйтіп үнемі сол әйелден сөгіс еститін болса, міне сол адам қайғыруға лайықты.
- Орынсыз қате жасайтын 3 адам:
Біріншісі-үстіне ақ киім киіп көрік басатын ұста;
Екіншісі-үнемі сәнденіп жүреттін,аяғына жаңа етік киіп келіп су кешетін тері илеуші;
Үшіншісі-бүлдіршіндей жап-жас сұлу қызға үйленіп, сонсоң өз үйінен безініп, алыс сапарда көп жүретін саудагер.
- Жазалануға лайықты 3 адам:
Біріншісі-кінәсіз азап тартқызған күнәкар жан;
Екіншісі-шақырылмаған тамаққа өздігінен ұмтылған сұғанақ адам;
Үшіншісі-өздерінде жоқ зәру затын достары сұраса, бірақ сол ділгірліктің мәнісін аңғармаса және сұрап та білгісі келмесе, міне осы адамды жазалау керек.
- Ақымаққа жататын 3 адам:
Біріншісі-бүкіл бала-шағасымен тар үйде тұратын ағаш шебері: ол ертеден кешке дейін ағаш сүргілеп үйін жаңқаға толырады да, аядай үйдің ішінде айналатын жер қалмайды.
Екіншісі-өткір алмаспен жұмыс істейтін, бірақ оны ықтияттап ұстай алмай, адамның денесін жаралайтын дәрігер.
Үшіншісі-өз үйіне, өз отанына қайтқысы келмей, дұшпандарының арасына барып қонақтаған жолаушы: ол жат жерде жүріп өлсе, дүниесіне, бар мұрасына бөтен адамдар ие болады, байлығы да солардың қолында қалады, ал сонсоң өзін мүлде ұмытып кетеді.
34.Басшыны өлтіретін 3 мін:
Бірінші-сөзге еру;
Екінші-солқылдақтық, жағдайға лайықты шешім шығара алмау;
Үшіншісі-ашкөздік, дүниеге тойымсыздық.
35.Халыққа құт боп келетін басшының бойындағы 3 қасиет:
Біріншісі-тұлға мен келбет,денсаулық, қайраттылық пен қайсарлық;
Екіншісі-ар-ұят, намыс, әділеттілік;
Үшіншісі-кемел ой, білім,ізгі ниет, кешірімділік, қайырымдылық.
36.Ойдағыдай жауап қайыра алатын 3 адам:
Біріншісі-өз қазынасынан ел-жұртын жарылқап, сыйлық үлестіретін патша;
Екіншісі- өзінің нақ сүйері, бекзат туған адамына адал қызмет істейтін қылықты әйел;
Үшіншісі-Тәңірінің жазған заңын дұрыс үйренетін ақылды ұстаз.
37.Нәпсіні 3 сабырға міндеттеу керек:
Біріншісі-ғибадат пен мойынсұнуға;
Екіншісі-күнә істемеуге, төзуге;
Үшіншісі-бәле мен қасіретке.
Дайындаған :Амантай Тойшыбайұлы