СІЗГЕ ҚАНДАЙ ЖАР КЕРЕК!
Қыз күнінде жақсы, қатын болған соң жаманға айналатыны ма?
Əлде, кедей болса да, бай қызынан да текті, көргенді етекті керек пе?🤔
Ерте жатып, жамбасына күн түскенше ұйықтап жататыны ма?
Жоқ, əлде, əтештен бұрын тұрып ап, дəрет суыңды дайындап, намазға оятатыны ма?
Ертелі-кеш дүкен кезетін қаңғыбасы ма, омырауы ашық, жалбыр шашты жалаңбасы ма?
Əлде, күндіз-түні ар-ұятын, бар сұлулығын күйеуіне сақтайтын қолаңшашы ма?
Тірлікке икемсіз, ақсаусақ «Барби» қатын керек пе?
Жоқ, əлде, тіршілікті ұршықша иіретін, «с корабля на бал» жүре беретін «Золушка» керек пе?
Қит етсе, кесе лақтыратын, байына баласындай бақыратын псих керек пе?🤔
Көргенінен түйгені көп пысық керек пе?🤔
Қандай қатын керек?🤨
Бүгін бітіретін жұмысын ертеңге ысыратын, тамақты кафеден алдыра салатын еріншек пе?
Жоқ, əлде, он саусағынан өнері тамған келіншек пе?
Көрінгенге күлетін, етегін түретін, түнгі клубты өз үйіндей көретін көргенсіз бе?☹
Жоқ, əлде, үйден рұқсатсыз аттап баспайтын, үш жылдығын ойлайтын көргендісі ме?
Құдай-ау, қатынның түрі көп екен ғой! «Əйелдің жақсысы діндары» деген! Осыған құлақ ас көкем!
«Қатын алма, қайын ал» дегенге ерсең, күшік күйеу боп өтесің!
Бай қатын алсаң, билеуінде кетесің!
Бұзық қатын алсаң, жегенің желім, ішкенің ірің боп, илеуінде кетесің!
Қу қатын алсаң, алданып өтесің!
Діндарын алсаң, жəннатқа бірге кіріп, төріне шығып кетесің! Əмин!
Ұмытып кеткен болсам, жалғастырсаңыздар болады, қатындардың сипаттарын!