СҚО әкiмi жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейтудi тапсырды
Облыстық әкiмдiкте өңiр басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi. Мәжiлiс барысында жер қатынастары саласында жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, рухани-адамгершiлiк және азаматтық-патриоттық тәрбиеге байланысты оқушылар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бойынша қолданылып жатқан шаралар талқыланды.
Отырыста облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Есенгелдi Кәрiбаев бiрiншi болып сөз сөйледi. Ол 2016 жылы облыстық жер комиссиясы 6 отырыс өткiзiп, онда жер учаскелерiн беру туралы 21 өтiнiш қаралғанын, олардың 17-сi қанағаттандырылып, 4-уi қабылданбағанын атап айтты.
«Қазiргi кезде жер мәселесi ең маңыздылардың бiрi саналады. Осы мақсатта ҚР Ауыл шаруашылығы министрi жер реформасы мәселесi бойынша түсiндiру жұмыстарының республикалық жоспарын бекiттi, соның негiзiнде Өңiрлiк жоспар жасалды. Жоспарды орындау үшiн облыстың аудандарында жұмыс топтары құрылды, олар тұрғындардың арасында жер заңнамасын түсiндiрумен айналысатын болады», — дедi Есенгелдi Кәрiбаев.
Баяндаманы тыңдай келе, Құмар Ақсақалов тұрғындар мен басқарма жұмысы арасында мөлдiрлiктi қамтамасыз ету үшiн, қоғамдық бақылау жұмысын күшейтуге арналған тетiк әзiрлеудi тапсырды.
«Жер қатынастары осы уақытқа дейiн әскери құпия сияқты. Мен аудан әкiмдерiнiң сайттарын қарадым, оларда ақпарат өте аз, қолжетiмдiлiгi де шамалы. Кiм, қашан жер алғанын, келесi кезекте кiм екендiгiн адамдар бiлуi тиiс. Сол сияқты жер бөлумен айналысатындарды, мысалы — бөлiм басшыларын тексеру керек. Жердiң әрi қарай бөлiнуi кейде соларға байланысты. Олардың жұмысын қарау қажет», — дедi Құмар Iргебайұлы.
Бiлiм басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ткаченко рухани-адамгершiлiк және азаматтық-патриоттық тәрбиеге байланысты оқушылар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бойынша қолданылып жатқан шаралар жайында баяндады. .
Пәндiк курстарды оқу барысында қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуге, жемқорлықты қабылдамауға, жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруға ерекше көңiл бөлiнедi.
«2016 жылдың қаңтар айынан бастап жалпы бiлiм беретiн 440 ерiктi «Адал ұрпақ» мектеп клубтары және «Парасатты азамат» бұрыштары құрылды. Ерiктi «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының негiзгi мақсаты — мектепте жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру, жемқорлыққа байланысты төзбеушiлiктi нығайтуға арналған бастамаларды мадақтау, жемқорлыққа қарсы шараларды ұйымдастыруға қатысу», — дедi Владимир Ткаченко.
Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов осы бағытта ұйымдастырылған барлық шараларға оқушылар мен жасөспiрiмдердi дұрыс қызықтыра бiлу керектiгiн атап көрсетi.
«Бiздiң барлық жұмысымыздың әсерi, нәтижесi теория жүзiнде емес, нақты көрiнуге тиiс. Кез келген лекция ақшаға оқылады. Сiздердiң қызмет аяларың кең деп есептеймiн. Мемлекет басшысының бастамалары жастар, қоғамдық және оқушылар арасында өткiзiлгенi және жүзеге асырылғаны өте маңызды», — деп нақтылады облыс әкiмi.
СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі