СҚО-да ішімдіктен бас тартқан ауылды білесіз бе
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде жиырма жылдан бері ішімдік ішуге тыйым салынған. Дүкендерінде де арақ-шарап сатылмайды.
Теңдік – Солтүстік Қазақстан облысындағы шалғай ауыл. Петропавлмен арасы 200 шақырым.
Ауыл тұрғындарының ішімдіктен бас тартқанына 20 жылдай уақыт болған.
«Ауылда арақ ішпейді. Ондайды бұл ауылда көрмейміз. Ішпей де мерекелердің барлығын ақ тамақпен, мысалы қымызбен қарсы алып, сонымен көңілімізді көтереміз», — дейді елді мекен тұрғыны Ләззат Алпысова.
Алькогольді ішімдік сатуға мұндағы дүкен иелері де қарсы. Ауылда тіпті сыра да сатылмайды.
«Ішімдік сатылмайды. Бізде ішімдікке рұқсат бар. Тек біз сатпаймыз. Бізде тек халал», — дейді сатушы Бақытгүл Бекенова.
Полицияның мәліметінше, соңғы 20 жылда Теңдікте бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Осы үрдісті өзге ауылдарда да ұстанса, деп тілейді олар.
Сәке Қанатұлы. KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасы