Славяндық жазба тілі мен мәдениетінің күндеріне арналған дөңгелек үстел

Славяндық жазба  тілі мен  мәдениетінің  күндері деген тақырыпта  Қазақстан халқының рухани бірлігі күніне орай, 2018 жылдың 24 мамыр күні  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің мәжіліс залында  дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш шараны ұйымдастырушы  Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Былина» орыс этномәдени бірлестігі.

Славян халқының дәстүрлі  мерекесіне  айналған  шараға  Ресей Федерациясының  вице-консулы Волков Владимер Александрович арнайы келді.

Шараны  ұйымдастырудағы мақсат өркениет тарихындағы кирил жазулары мен славян мәдениетінің рөлі және олардың замануи мәдениет кеңестігіндегі хал-ахуалын көтеруге атсалысу болатын.

Жылма-жыл  дәстүрлі түрде аталып жүрген шараға этномәдени бірлестіктер  жетекшілері мен өкілдері, Атырау облысы  ҚХА-ның хатшылық меңгерушісі, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы, мәдениет қызметкерлері, Қоғамдық-келісім КММ-нің қызметкерлері, университеттің мұғалімдері мен студенттері қатысты.

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі