«Smart Bala» білім беру орталығындағы ұлыс мерекесі

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз – көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Осы ерекше кезең Тараз қаласы 15 шағын ауданда орналасқан «Smart Bala» білім беру орталығында да аталып өтті.

  • Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын! ! Бүгінгі болғалы отырған «Қош келдің, Наурыз!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!,-деп сөзін бастаған орталықтың ұстаздары отыздан аса балаларға, ата-аналарымен наурыз көже таратып, кең дастархан жайып, ұлысытң ұлы күні жайлы мағлұматтар беріп өтті.

Сондай-ақ, киіз үй жихаздары, дастархан, наурыз туралы даналық сөздер,мақал-мәтелдер, салт-дәстүрлер мен құндлықтар, ұлттық ойындар туралы да қызықты деректер мен ақпараттар осы шарада айтылды.

Осы орталықтан білім алып жүрген балалар да өз тақпақтарын айтып, бата жарыс пен асық, қол күрес, арқан тарту, қазақша би де биленді.

Ата-аналар мен ұстаздар арасында тығыз қарым-қатынас орнап, бір-бірлерімен танысып, балалар мәз-мейрам күліп ойнап, арқа-жарқа болып жатты.

«Smart Bala» білім беру орталығының басшысы Ғалия Базаралықызы бұл шараның мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын жасөспірімдер санасына жеткізу. Наурыздың 22 — сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру.

Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт — дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу екендігін айтып, білімді бала тәрбеилеу жолында бірге еңбек етуге ата-аналарды шақырды.

Ата-аналар да өз кезегінде «Smart Bala» білім беру орталығына деген ризашылықтарын жеткіздіү

Осы орайда орталық туралы  қысқаша дерек беріп өтсек, 2018 жылы негізі каланып, 3000-нан аса оқушыларға білім берді.

Қазіргі таңда Тараз қаласында 13 және 15 мөлтек аудандарда өз жұмыстарын жасауда.  Орталықтың ұраны: ең бастысы — сапалы білім! Асқарова Ғалия Базаралықызы негізін қалаған орталықта 8 мұғалім жұмыс жасайды.

Келесі пәндер бойынша сабақтар жүргізіледі:

— ағылшын тілі

— орыс тілі

— математика

— менталды арифметика

— ұзартылған күн (продлёнка)

— мектепалды даярлық тобы.

Сонымен қатар -ҰБТ мен  НЗМ дайындық жұмыстарын да жүргізуді қолға алмақ.

Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын.

Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.

Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы.

Артта  қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді.

Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.

«Нәтижелі, сапалы, саналы тәрбие –

бүгінгі және келешек ұрпақ үшін!»,-деген ұстанымды ұстанған  «Smart Bala» білім беру орталығы

жылдан жылға тың идеялармен балалар қозғалысын қарқынды дамытып келеді.

Мұның өзі еліміздің гүлденуіне үлес қосар болашақ жастарымызға серпін беріп жатқан игі бастама.

Ғалым да, шахтер де бас иетін ұстаздар қауымына қандай құрмет көрсетілсе де жарасары хақ.

 

Мұрат Жұмағұлов, Тараз қаласы