Снипперден абай болыңыздар!!!
Спиннер-антистресс — саусақпен айналдырып отыратын қарапайым ғана ойыншық. Соңғы уақытта халық арасына көп таралып, қоғамдық орындардан да жиі кездестіруге болатыны жасырын емес. Соңғы кездері бұндай жағдай жиі қайталанып жатыр. Баланың көңілін тауып, ойнатуға болады. Бірақ, баланыздың қауіпсіздігіне аса мәң
Бірақ, кішкене уақыт бұрын осы ойыншықтың кесірінен бір отбасы қыздарынан айырылып қала жаздаған…
Осы антистресс ойыншықты алып беруін көптен бері өтініп жүргеннен соң, анасы қызының көңілін қалдырғысы келмей алып берген. Алып берген соң қызы бұл ойыншықты қолынан тастамай ұстап жүрген. Бірақ бірде жол жүріп бара жатқанда көліктің артында отырған қызынан біртүрлі дыбыстар шығып кеткенін байқаған анасы қызына қарап, оның дем ала алмай қызарып кеткенін байқаған. Сол арада көлікті бірден тоқтатып, жедел жәрдем шақыртқан.
Кейіннен белгілі болғандай, спиннердің кішкене бір дөңгелегін қызы жұтып қойған. Сол тамағына тұрып қалып, дем жетпей қалған екен.
Ауруханаға жеткізген мезетте қызға алғашқы көмек көрсетіліп, тамағына тұрып қалған спиннердің дөңгелегін шығарған. Иә, кішкене қыз аман қалды.
Бірақ, ата-аналар,келесіде балақайларыңызға ойыншық алып бермес алдында бірінші қауіпті, қауіпсіз жағын қарап алғандырыңыз жөн болар дегіміз келеді. Бұл оқиға біреуге болмаса біреуге сабақ болар. Балақайларымыз аман болсын!!!