Сочиде өткен «Стратегиялық серіктестік 1520» форумы
Бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Сочидегі «Стратегиялық серіктестік 1520» XI халықаралық темір жол бизнес форумына қатысты, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы еуразиялық көлік дәлізін дамыту болашағындағы өзінің көзқарасымен таныстырды. Ол еуразиялық құрлықаралық көлік дәлізін құрудағы Қазақстанның транзиттік әлеуетін атап өтті. Қазақстанда Еуразиялық логистикалық хабын құруға өте зор назар аударып отыр.
Осы мақсатта «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жасалды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдарға қарай ел аумағы арқылы транзиттік тасымал көлемін екі есеге ұлғайту туралы тапсырма берді,-деп атап өтті А. Мамин.
Ол өз баяндамасында соңғы алты жылда Қазақстанда 1700 шақырымдық жаңа темір жол желісі салынғандығын атап өтті.
-Біздің еліміз арқылы салынған логистикалық инфрақұрылым 1520 темір жол табанымен қызмет көрсететін Қытай, Еуропа, Иран және Парсы шағанағы елдеріне ықпалдасуды күшейтті. Бұл өз кезегінде баламалы теңіз жолынан бас тартып, 1520 кеңістігінде бәсекелестікті күшейтті».
Қазақстанның өткізу мүмкіндігі Ақтау портын кеңейту, Құрық паром кешені құрылысы, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА дамыту, ішкі және сыртқы терминалдық желіні күшейту көзделеді.
Қазақстан арқылы оңтайлы транзиттік дәліздер (ҚХР- Еуропа – ҚХР, Солтүстік-Оңтүстік, ТХКБ) жасақталуда. 2020 жылдарға қарай осы дәліздердің әлеуетін екі миллион ДФЭ жеткізу жоспарланып отыр.
2016 жылы ҚХР- ЕО- ҚХР бағдардағы контейнерлік тасымал көлемін 2015 жылмен салыстырғанда, екі есеге арттырып, 100 мың ДФЭ контейнерге жеткізу жоспарланып отыр. 2016 жылдың төрт айындағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі жарым есеге өсті.
А. Маминнің айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ белсенді әрекетінің арқасында ҚХР-Еуропа –ҚХР бағдарында жүрдек контейнерлік тасымалға сұраныс артып келеді. Оған Қытайдың шағын қалалары мен провинцияларының жүк жөнелтуге қызығушылығы жоғары»
«2014 жылы Еуразиялық нарыққа контейнерлік сервистік қызмет көрсету сапасы – Бірлескен көліктік-логистикалық компания (БКЛК) іргетасы қаланды»,-деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті.
-БКЛК бірыңғай баға саясаты, көліктік -логистикалық қызмет технологиясы және стандарттау істері Қытай-Еуропа- Қытай бағдарындағы контейнерлік жүк тасымалын 2020 жылдарға қарай 800 мың ДФЭ жеткізуге мүмкіндік әпереді.
А. Мамин Шығыс- Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағдарындағы трансқұрлықтық көлік дәліздерін игерудің маңызы зор екендігін, ол мақсатта кедергілерді барынша азайтып, теңіз бағдарына бәсекелес ретінде құрғақ арқылы тасымалдаудағы тариф саясатын да қалыптастырудың жөн екендігін тілге тиек етті.
Транзиттік контейнерлік тасымалдау географиялық аумағы кеңейіп келеді. Транскаспий халықаралық көлік бағдарымен Nomad Express контейнерлік сервистік қызмет бағдары жүргізілді. Оның алғашқы қанатқақты жобасы Қытайдан Әзербайжанға, Түркияға және кері қарай, Украинадан Қытайға қарай контейнерлік пойыздар жіберілді.
Биылғы жылы 53 контейнерлік пойызды Қытай-Баку, Қытай-Тбилиси, Қытай-Стамбул бағдарымен жіберу жоспарланып отыр. Сондай-ақ балтық жағалауы елдерімен Қара теңіз арқылы Nomad Express контейнерлік қызметін Қазақстан, Орталық Азия, Қытайға бағыттау жоспары бар.Транскаспий бағдарының әлеуеті Азияны Еуропамен жалғастырып, 2020 жылдарға қарай 300 мың ДФЭ контейнеріне жеткізілмек.
Үстіміздегі жылы Қазақстан темір жолы тарихында тұңғыш рет Иранға контейнерлік пойыз Иу қаласынан (Қытай) Тегеранға (Иран) барлығы 9 мың шақырымға жүкті 14 тәулікте жеткізді.
А. Маминнің айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ барлық бағдарларға темір жол, теңіз және әуе жолы, автотасымалдау, порттық және әуежайлық инфрақұрылым, қоймалар мен терминалдар бойынша көліктік-логистикалық қызмет түрлерін көрсетеді.
Компания президенті сыртқы экономикалық қатынасқа қатысушыларды әкімшілік кедергілерді барынша азайтып, құқықтық-нормативтік базаларын жабдықтауды жетілдіріп, кедендік ресімдеуді оңтайландырып, шекаралық өткелдер арқылы өткізуді жеделдету үшін қағаз түріндегі құжат айналымын қысқартуды, жүктерді алып жүрудің электронды ілеспе құжаттарын ұсыну қызметін жасақтауды ұсынды.
«Мұндай кешенді шаралардың барлығы транзиттік әлеуетті толыққанды қолдануға, мультимодальдық тасымалдауды ұйымдастыруға, оның ішінде Қазақстанның 2020 жылдарға қарай логистикалық қызметі жетілген 40 елдің қатарынан кіруіне мүмкіндік жасайды»,-деп атап өтті А. Мамин.
Форум аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ арасында халықаралық жүк тасымалы бағдарындағы электрондық құжат алмасу саласы бойынша Келісімге қол қойылды.