СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ САРБАЗЫ 100 ЖАСҚА АЯҚ БАСТЫ

Бүгінгі ұрпақтың «Аһ» ұратыны бар. Ол – соғыстың соңғы куәгерлерінің жыл өткен сайын арамыздан азайып бара жатқаны. Ауданымыздағы соғыстың соңғы солдаты – Қасен Шанбаевтың жүріп еткен жолдары туралы айтар әңгіме аз емес. Ғасырға аяқ басқан Қасен Шанбаев Жеңіс сағатын соқтыруға үлкен үлес қосқан ардагер. Қысылтаяң шақты бастан өткерген жауынгердің аузынан «Құдай елімізді бейбітшіліктен айырмасын» деген тілегі түскен емес. Оқ пен оттан аман қалып, елге жеңіспен оралып, соғыстан кейінгі қиын-қыстау шақта елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ардагер ауданымыздан майданға аттанған 9341 жауынгермен бірге сұрапыл соғыс жылдары толарсақтан су кешіп, ұрыс даласында қаһармандықпен көзге түсті.
Қасен Шанбаев 1923 жылы 19 қаңтарда Жамбыл ауданы Головачевка (қазіргі Айшабибі) ауылында дүниеге келген. 1935 жылы мектепке барып, 1942 жылы жетінші сыныпты бітіріп, Сол жылдың 19 қаңтарында әскерге алынған.
Бүгінде Қасен Шанбаев Жамбыл ауданындағы ҰОС соңғы ардагері.
Жамбыл ауданы