«СОҒЫМ БАСЫ» ҚЫСТЫҢ АЗЫҒЫ ҒАНА ЕМЕС, БЕРЕКЕНІҢ ҚАЗЫҒЫ

Күздікке ауылда тана- торпақ, жабағы немесе кәрі малды соятын.
«Қараша- қауыс, кәрі- құртаңды- тауыс»- деген
мәтел тегін айтылмаған.
Бұл аязды күнге шыдамайтын малды сойып кәдеге жарату.
Ертеде бір сақау әйел:» Әйкім қойында байын сояады» деген сөздің мәні
бар, шындығында әркім
қолында барын соятын.
Қараша айында сойылған
мал етін » күздік» деп атаған.
Соғым сою «тоқсан» түскенде, яғни 90 күнге
созылатын 13 желтоқсаннан басталады.
Ол кезде соғым союдың
өз қуанышы болатын.
Ауыл адамдары таң атысымен бір үйге жиналып, жаңа сойылған
мал етінен қуырдақ жеп,
ішек- қарын аршып,
жеңгелері қайындарымен
әзілдесіп, той секілді болатын.
Сол күні жілікті
тұтас асып, жіліктің майын шағып жейтін.
Жіліктің майын шағып жеу- бұл ағайынның бірлігінің ажырамас әлемің көрсетеді.
Сол күні ағайын бір үйден ас ішіп, жақсы тілек айтар
сәт…
Қасапшылар мен үлкендер ұзақ әңгіме құрып отыратын.
Әлі есімде, біздің үй соғым
соятын болып, әкелген жылқыны бір күн таң асырды. Кешке қораға әкеммен бірге бардым.
Әкем:»Жылқының жалы
майса екен»- деп, қуанды.
Мен байсаның не екенің
сұрағанда, әкем:»байса»
жылқынының семіз жалы.
Мынаны қарашы жал желкелік майы, семіз малдың жалы екі құлағының арасына дейін
келеді. Қазақ мұны:» жалы құлағынан асқан, шөгежегі
майысқан’ дегенде сырттағы қылы бар жалды
емес, майын айтады»- деді.
Соғымды соярда бата берілгеннен кейін малды
бауыздап, терісің түсіріп, етті мүшелейтін.
Мал сойғандарға » қол кесер», соғым сойғанда қолын кесіп алса, соның өтеуі деген ниетпен берілетін кәде.
Мал сойғанда жасы үлкендеу кісіге » бел тартар» беретін. Бұл қазақтың белі талып, шаршағаны үшін берілетін
сыбаға, оған мойын омыртқа, ұзын омыртқа,
қабырға, ет, бауыр жүрек, бір кесім майлы ет
салатын.
Біздің елде Сарыарқада
» шеке беру»деп атайды.
Малдың шекесін асып, әруақтарға құран бағыштайды.
Ал омыртқада бата беріліп, тек
жақсы тілек айтылады.
Ертеде «Соғым басы» деп
атайтын.
Мен 8 жастамын. Біздің үй
шеке беретін болды.
Бір жеті дайындалдық.
Қол диірменмен бидай тартып, жент жасады.
Апам сырмақ, текеметті, көрпелерді далаға аязға
жайып, үйді, пешті ақ балшықпен сылап, біздің
қоржын үйді бейне бір
сарайға айналдыратын.
Қара ала сырмақ үстіне
әдемі көрпешелер төсеп,
жандарына құс жастықты
тастады. Ортаға үлкен дөңгелек үстелге «ас жаулық» жайып, үстіне жент, ежігей құрт, ақ қаймақ пен піскен бал
қаймақ, бауырсақ, шелпек,
қуырылған бидай, бидайдың талқаны болатын. Бидай қуырғанда
қол бақырға, қол күймесін
деп, ақ таяқтың басын киізбен орап, » бұлғауыш»
жасап беретін әкем.
Көк қантты әкем екеуміз
қант шаққышпен, шаққанда, жерге түскенің
мен жеп, мәз болатынмын.
Апам ірімшікке қаймақ
қосып «ақлақ» жасайтын.
Әкем топысын киіп, апам
айнаға қарап, орамалын
түзеп тартып, мен шибарқыттан апам тігіп
берген шалбар мен күрте
киіп, басыма қаракүлден
тікке кубанканы киетінмін.
Келген қонақтарда тойға
келгендей барын киіп келетін. Асылған етке
бата беретін:
Соғым басы шүйгін болсын,
Ұрпақтарың тұйғын болсын.
Келер күндерің жақсы болсын,
Отбастарың аман болсын.
Бай- бақытытты заман
болсын,
Үйлеріңнен қонақ кетпесін!- деп, жақсы тілек
айтатын. Кешке дейін батырлар жырын, ән айтып, ағайын- туыстың
басын қосатын кішігірім
той болатын.
Сол күні алғаш рет әкем
маған ауылдың «алты ауызын» Болпышым айтады- деді.
Мен «Жонып алды» әнің
орындадым.Әкем ел кеткесін көз тимесін деп,
мандайыма қара күйе
жақты. Тісім түскен, қалқан құлақ мен көз
тиетін бала емес едім.
Бұл қайран менің әкешімнің көңілі ғой, мені
қатты жақсы көрген…
Мен үшін үлкен қуаныш
болатын. Тамаққа тойып,
жақсы тілек пен ән естіп,
қара күпіні жамылып әкемнің жаныңда отыратынмын.
«Соғым шүйгін» болсын
деген тілектің мағынасы
«шүйгін»- деген құнарлы шөпті, суы мол жерді айтады. Яғни соғымдарыңыз құнарлы
болсын деген ұғымды
білдіреді.
Кейде сүйгін болсын деп
айтады.Сүйсініп жейтін ас
болсын деген тілек.
Қыста ел соғым басына
шақыратын.
Соғым басының аяғы «Сыбаға беру», «Түстену»
сияқты салтқа жалғасатын.
Соғым етің берудің басты
мақсаты: көптен айырмай,
бермесе береке қашады деп, көппен бөлісіп жеу.
Соғым басы жылына бір рет келетін, қуанышпен
ағайынның табақтас болуы.
Қазақтың қазаны майлы,
көңілі жайлы болып, соғымдарыңызды бұйыртып жегізсін.
Райхан Матаева