Солтүстік Қазақстанда мәдениет саласының өкілдері марапатталды (Фото)

Петропавлда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» облыстық байқауының гала-концерті өтті. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының бірінші қабатында қонақтарды Тайынша ауданы Мәдениет үйінің халықтық оркестрі қарсы алды. Сондай-ақ гала-концерт аясында сирек жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылды. Бұл туралы СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

                          dsc_4377    dsc_4600

Салтанатты шараға қатысушыларды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады. Өңір басшысы тәуелсіздік жылдарында мәдениет және мұрағат саласында ауқымды өзгерістер орын алғанын атап өтті.

dsc_4608

-Саланы қаржыландыру 10 еседен астам көрсеткішке артты. Материалдық-техникалық қамту мен шығармашылық ұжымдардың гастролдік сапарын, концерттік бағдарламаларын қаржыландыру жоғарылады. Екі театр, алты жаңа мұражай, «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені, қалалық мұрағат, Жастар сарайы ашылды. Елді мекендерде клубтар мен мәдениет үйлері, кітапханалар қайта жанданды. Ауданның алты мұрағаты жеке ғимаратқа көшіріліп, 900-ден астам ведомстволық және жеке мұрағаттар құрылды, — деді Ерік Сұлтанов.

Биылғы жылы 11 бос уақыт өткізу орталықтары мен 2 кітапхана ашылды. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 101 мәдениет және мұрағат ғимараттары қалыпа келтірілді. С. Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрында 500 орынға арналған жаңа көрермендер залының құрылысын жүргізу жобасы дайындалуда. Аталған жұмыстарды 2018 жылы аяқтау жоспарланған. 

Ерік Сұлтанов өз баяндамасында өңірдің шығармашылық ұжымдарының жетістіктеріне ерекше тоқталып өтті. Саланың үш қызметкері облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қосқан елеулi үлесi және қоғамдық өмiрге белсендi араласқаны үшiн және Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеуге байланысты облыс әкiмiнiң Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ салтанатты шара барысында «Солтүстік Қазақстан облысының үздік медиатекасы»,«Солтүстік Қазақстан облысының үздік мұражайы», Солтүстік Қазақстан облысының үздік мұрағаты», «Ауыл мәдениетінің үздік мекемесі – 2016»облыстық байқауларының қорытындысы шығарылды.

                           dsc_4364    dsc_4327

Облыс аудандары арасындағы үздік мұражай байқауының қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болғаны үшін Мағжан Жұмабаев ауданының мұражай үйі мен Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану мұражайына 200 000 теңгенің сетрификаты берілді. Екінші орынға және 300 000 теңгенің сертификатына Жамбыл ауданының Иван Шухов мұражай үйі мен Мағжан Жұмабаев ауданының тарихи-өлкетану мұражайы ие болды. Ал, бірінші орын мен 500 000 теңгенің сертификатына Шоқан Уәлиханов ауданының Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы мен Есіл ауданының мұражайы қол жеткізді.

Үздік медиатека байқауында үшінші орынға және 70 000 теңгелік сертификатқа Қызылжар аудандық кітапханасы мен Шал ақын ауданының Городецкая ауылдық медиатекасы, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Сивковская ауылдық медиатекасы ие болды. Екінші орынға ие болған Уәлиханов аудандық кітапханасы мен Аққайың ауданының Полтавский ауылдық округінің медиатекасына, М.Жұмабаев ауданының Бәйтерек ауылдық округінің медиатекасына 100 000 теңгенің сертификаты табысталды. Ал бірінші орынға ие болған Ақжар аудандық кітапханасы мен Жамбыл ауданының Жаңажол ауылдық медиатекасына 200 000 теңгенің сертификаты берілді. Аталған байқау бойынша бас жүлдеге Тимирязев аудандық кітапханасы ие болып, 300 000 теңгенің сертификаты қол жеткізді.

                      dsc_4543   dsc_4587

«Жылдың үздік мұрағаты» байқауында Есіл және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық мұрағаттары үшінші орынға ие болды. Аталған ұжымдар 200 000 теңгенің сертификаттарына ие болды. Екінші орынға ие болған М.Жұмабаев және Ақжар ауданының мұрағаттарына 300 000 теңгелік сертификаттар, ал бірінші орынға лайық деп танылған Қызылжар аудандық мұрағатына 500 000 теңгенің сертификаты табысталды.

dsc_4618

Сонда-ақ, салтанатты шара барысында «Ауыл мәдениетінің үздік мекемесі» байқауы  қорытындыланды. Аталған аталым бойынша үшінші орынға және 500 000 теңгенің сертификаттарына Есіл, Тимирязев, Ғ.Мүсірепов атындағы аудандары ие болды. Екінші орын және 1 000 000 теңгенің сертификаттары Аққайың мен Мамлют аудандарына берілсе, бірінші орын және 1 500 000 теңгенің сертификаты Шал ақын ауданына табысталды. Ал, бас жүлдеге және 2 000 000 теңгенің сертификатына Айыртау ауданы ие болды.

Бұдан бөлек, шара барысында облыс әкімі Ерік Сұлтанов Н.Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрына 130-шы мерейтойлық маусымның ашылуына орай 10 миллион теңгенің сетрификатын табыстады. Салтанатты шара марапаттау рәсімінен соң, облыс аудандарының шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламаға жалғасты.