Солтүстік Қазақстан облысында тағы 17 ауылға таза ауыз су жеткізіледі
Бұл Преснов топтық су құбырын қайта құру (2 кезең) нәтижесінде мүмкін болды. Оның жалпы ұзындығы 249 км құрады, жобаның құны — 4,8 млрд. теңге.
Жобаның міндеті — Солтүстік Қазақстан облысының 3 ауданындағы жалпы халық саны 12 мыңға жуық 17 ауылдың тұтынушыларына таза ауыз су беруді қамтамасыз ету. Сондай-ақ Троицкое ауылында 3-ші көтергіш сорғы станциясын салу.
Қазіргі уақытта Мамлют ауданындағы құрылыстың екінші кезеңі бойынша объектіні қайта жаңарту аяқталуда.
Бүгінгі күні Қызыләскер, Степное, Ленин, Михайловка, Пчелино, Новодубровное ауылдарына су тартқыштар іске қосылуда. Сондай-ақ Новодубровное, Михайловка, Қызыләскер, Раздольное, Ленин ауылдарындағы қысымды реттеу құрылыстарының алаңдарын, Пчелино және Степное ауылдарындағы суды өткізу пункттерін қамтиды.
Есіл ауданына қарасты Оседлое, Сарман, Спасовка ауылдарына су бұрғыштары, сондай-ақ Спасовка, Тауағаш ауылдарындағы қысымды-реттеуші құрылыстар алаңдары және Оседлое және Сарман ауылдарындағы су өткізу пункті енгізіледі.
Жамбыл ауданы бойынша Сенжарка, Кладбинка, Архангельское ауылдарына су тартқыш, сондай-ақ Кладбинка, Троицкое, Архангельское, Железное ауылдарындағы қысымды реттеуші құрылыстар алаңдары және Сенжарка, Орталық ауылдарындағы су өткізу пункттері жұмысын бастайды.
Суды алу және беру Есіл өзенінен 1 көтермелі сорғы станциясына су тартқышпен жүзеге асырылады, содан кейін ол су тазарту станциясына түседі. Әрі қарай тазартылған, зарарсыздандырылған су әрқайсысы 3000 м3 таза судың 2 резервуарына беріледі. Содан кейін су 2 көтермелі сорғы станциясына келіп түседі, одан Есіл – Троицкое су таратқышы бойынша — Троицкое А.3 көтермелі сорғы станциясына келіп, бірге Оседлое, Сарман, Спасовка, Тауағаш, Қызыләскер, Степное, Раздольное, Ленин ауылдарын жабдықтайды.
Одан әрі 3-ші көтергіш сорғы станциясынан су Жамбыл ауданының орталығына Пресновка а., одан әрі Железное а. (соңғы нүкте) дейін түседі.
Сондай-ақ, 2 көтеру сорғы станциясынан су Новомихайловка ауылындағы 3 көтеру сорғы станциясына, содан кейін Зиратка, Сенжарка, Пчелино, Новодубровное, Михайловка ауылдарының тұтынушыларына Новомихайловка – Михайловка су құбыры арқылы жеткізіледі.