СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ COVID-19-ДЫҢ 8 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ
Өңірде соңғы екі аптада коронавирус инфекциясын жұқтырған 42 жағдай тіркелді. Мұндай деректер Тараз қаласы мен Жамбыл, Байзақ және Қордай аудандарына тиесілі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялау үшін барлық емханаларда егу пункттері тұрақты жұмыс істеп жатқанын айтты.
— Жыл басынан бері облыс аумағында КВИ-ның 7 704 дерегі тіркелді. Ал соңғы тәулікте 8 факт анықталып отыр. Инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші жоғары. Бұл вирустың халық арасында белсенді айналымы мен таралуын көрсетеді. Оған облыстың жасыл аймақта орналасқаны да өз әсерін тигізуде.
❗️ Бүгінгі таңда ковид төсек-орындарының толығу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 40 пайызды құрайды, — деген Неили Орынбасарқызы тұрғындарды эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында вакцинациядан бас тартпауға шақырды.
✅ Айта кетейік, өңірімізде «QazVac», «Sinopharm», «Comirnaty» және «Pfizer» вакциналары жеткілікті мөлшерде.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі