Соңғы технологиялар саулыққа бастап тұр
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, 2010 жылдан бастап Қазақстанда жоғарғы технологияларды қолдану арқылы емделген пациенттер саны 5 есеге өсіпті. Аталған қызметті кеңінен енгізуге байланысты, 2014 жылдан бастап 30 жоғары мамандандырылған көмек (ЖММК) мамандандырылған көмек қатарына ауыстырылды.
ЖММК – азаматтар диагностикалау мен емдеудің ерекше қиын тәсілін әрі бірегей медициналық технологияларды талап ететін аурумен сырқаттанған жағдайда медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетуі.
2010 жылдан бастап Денсаулық сақтаудың бірегей ұлттық жүйесін енгізу – еліміздің барлық өңірлерде жоғарғы технологиялардың белсенді дамуына ықпал етіп, ЖММК-нің ауыл тұрғындарына жейін қолжетімді болуын қамтамасыз етіп отыр. Нақты статистиканы сөйлетсек, ЖММК қызметі 2010 жылы 10690 адамға, 2011 — 34706, 2012 жылы – 41747, 2013 жылы – 54454, 2014 жылы – 46391 және 2015 жылы – 55975 пациентке көрсетілген.
Сонымен бірге, елімізде соңғы жылдарда отандық трансплантологияны дамыту бойынша кешенді шаралар қолданылуда. Бұл жылдан-жылға трансплантология көрсеткішін ұлғайтуға мүмкіндік беріп отырғандығы белгілі. Егер 2010 жылы тек 2 технология енгізілсе, 2011 жылы – 4-уі, 2012 жылы – 7-уі, ал 2015 жылдан бастап 10-ы енгізілді. Бұл – жүрек, бауыр, жасанды сол жақ асқазан, бүйрек, ұйқы безі, сүйек кемігін ауыстырып отырғызу бойынша оталар. Бір айта кететіні, осы уақытқа дейін мұндай медициналық қызметтерді алу үшін еліміздің азаматтары тек шетел қызметтеріне жүгінетін.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда алғаш рет жүректі ауыстырып отырғызу 2012 жылы жасалған болатын. Ал 2015 жылы осындай 20 ота жасалды. 2012 жылы 6 пациенттің бауыры ауыстырылса, 2015 жылы мұндай ота 51 адамға жасалды. Ең көп ауыстырылып отырғызылған мүше – бүйрек. 2010 жылы – 9, 2015 жылы 204 ота жасалды. Сүйек кемігі 2010 жылы 1 пациентке ауыстырылды, 2015 жылы 44 адамға жасалды. Бірегей технологиялардың дамуы бүгінгі таңда Қазақстанда барлық ішкі ағзаларды ауыстыруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл үшін қуатты кадрлық, интеллектуалдық, ғылыми және ресурстық әлеует жасалып отыр, жақсы материалдық-техникалық база да жасақталды.
«ЕлАна»