Соқыр жігіттің қуанышы…

Жиырма бестердегі жас жігіт пен егделеп қалған әкесі вагонға кіріп, орындарына отырды.  Жас жігіт терезе  тұстағы орындыққа жайғасты. Пойыз орынынан қозғала бергені сол еді жігіт қолдарын терезеден шығарды да, кенет, шаттана қуанып: — Әке, көріп отырмысың, барлық ағаштар кейін қарай кетіп барады – деп айқайлап жіберді. Әкесі жауап ретінде үнсіз ғана ұлына күлімсірей қарап қойды.

 Жас жігіттің қарсысында ерлі-зайыпты адамдар отырған еді. Олар жиырмадан асқан жігіттің  кішкентай баладай қылық танытқанына тосырқай әрі таңдана қарап қалды.

Келесі сәтте жас жігіт  тағы да екілене айқайлап:  — Әке, көріп отырмысың, көлді, жануарларды… Бұлттар пойызбен жарысып келеді, — деді.

Әкесі ұлының қылығынан ешбір ерсілік көрмей, күлімсіреп қана басын изеп, отыра берді. Ерлі-зайыптылар жас жігітке одан бетер таңырқап, үрке қарады.

Жаңбыр басталып кетті. Тамшылар жігіттің алақанына тие бастады. Ол тағы да  ерекше қуанып,  көзін жұмды.  Сосын: — Әке, жаңбыр басталды, алақаныма тамшылар тамып жатыр. Әке, көріп отырсың ба?! – деп айғай салды.

Қарсыда отырған жұбайлар қандай да бір көмек көрсетпек болып, егде адамнан: — Кешіріңіз, сіз ұлыңызды емханаға апарып, дәрігерлердің көмегіне жүгінуіңіз керек сияқты?! — деді.

Сонда, бағанадан бері өзін байсалды ұстап отырған жігіттің әкесі: — Оның қажеті жоқ. Біз сол жақтан келе жатырмыз.  Менің ұлымның қос жанары тұңғыш рет жарық дүниені көріп тұр — деп жауап берді.